Тіл - тас жарады...

Блогер шақырғыш шенеунік ешқашан мемлекеттің ілгері басқанын қалайтын адам емес

  • Блогер шақырғыш шенеунік ешқашан мемлекеттің ілгері басқанын қалайтын адам емес

    Блогер шақырғыш шенеунік ешқашан мемлекеттің ілгері басқанын қалайтын адам емес

Журналист һәм блогер...

Бұл өзі - "Тұлға мен тобыр" деген сипаттың қазіргі сүдіні.

Әңгімені ортасынан бастап жібергендей ғып, жөнеп кетейік...

Ешқашан тобыр мемлекеттілікті қалыптастырған емес және қалыптастырмайды да! Тобыр - мемлекетті не қыздыратын, не өртеп жіберетін - мазут қана. Қазіргі таңда отандық "мазут" кімге, неге жарарын білмей, құнсыз жатқан жанғыш материал іспетті.

Бір байқайтын нәрсе - блогер шақырғыш шенеунік ешқашан мемлекеттің ілгері басқанын қалайтын адам емес. Оған тек тобыр керек. "Пәлен деген блогер бар. 5000 френді, 7000 подписчигі бар" десеңіз, сол шенеунік "Қораға мыңғыртып мал қамап отырған малшымен неге тамыр болмасқа?!" деп қуана кетеді. Басқа саясат жоқ!

Журналист...қазіргі журналистің басы байлаулы. Қалтасында - тапсырмасы, миында - міндеті ғана бар байлаулы адам. Ол кланға да, планға да расход. Сондықтан да, ірі БАҚ-қа ілгекті адамды қойып, қарамағына ілкімді журналисті жүргізіп қою - бүгінгі биліктен дәмелі топтардың қатты қолға алған саясаты.

Біз "Шораев неге шамданды?" деп емес, "Шораев неге шамданады?" деген тоқ әңгімеге кетіп қалдық. Яғни, көрінбейтін курс-менеджердің бағытына маңып кеткен боп тұрмыз...

Қазіргі таңда "Отандық БАҚ-қа басшылық еткен тұлға кімнің адамы?" деген сауалды көтеруіміз керек.

Көпір үстіндегі тақырып осы болмаса, Биліктің бауы үзіледі. Әрине, қара халық одан көп зардап шегеді...

Сонымен.., журналистикада мектеп қалыптастырмаған кім қай жерде отыр?

Және кім отырғызды?..


Канат Ескендиров

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1323    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.11.2017, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30