Тіл - тас жарады...

Бір-біріне айдар таққанда әлемде бірінші орынға шығатын шығармыз

  • Бір-біріне айдар таққанда әлемде бірінші орынға шығатын шығармыз

    Бір-біріне айдар таққанда әлемде бірінші орынға шығатын шығармыз

Дүниеде қазақтың саны 18 млн-ға жетер-жетпес.

Өкінішке орай, біз азбыз.

Кеңес өкіметінің озбыр саясатының арқасында кеміп қалдық.

Егер аштық, репрессия болмағанда қазақтың саны 50- млн болуы шарт еді...

50-млн халқы бар мемлекет, қандай да болмасын сыртқы күштерге қарсылық көрсете алады.

Осы аз күйімізбен ішкі бірлігіміз тапшы.

Бір-бірімізге кінәмшылмыз.

Бір-біріне айдар таққанда әлемде бірінші орынға шығатын шығармыз.

Ішкі шырқымызды бұзу оп-оңай болып шықты.

Бір құмалақ келіп, бүлдіре салады екен.

Бұл ұлттық психологияға биліктің қатысы жоқ.

Қазақтың өз "салт-дәстүрі".

"Бөлінгенді бөрі жейді", бұны бәрі біледі.

Бірақ, кінә тағамыз, өзімізге.

Мемлекетке де кінә таққымыз келеді.

Ұлттық мінезді социум қалыптастырады.

Биліктің әрине өз кемшіліктері жеткілікті.

Дегенмен, ұлттың ауызбірлігі, ол қоғамның жұмысы.

Жазғыру, өкпелеу, айдар тағу, спорт тәрізді.

Рухани мәдениетті басқа деңгейге көтеріп, саяси ұлт биіктігіне шығу шарт.

Онсыз ұлт болмаймыз.

Қазақ бір-бірін түсініп, сүйсініп, бірінің қатесін кешіре білген кезде ғана, заманның қауіп-қатеріне жауап бере алатын халыққа айналады.

Бұл қоғамның ең негізгі борышы, жұмысы, атқаратын миссиясы.

Басқа ұлтты қойып, өзіміз квартираларға бөлініп кетпейік...

Қазақ ақжарқын, кеңпейіл, бауырына ыстық көңілмен қарайды, көршісімен сыпайы.

Бұл біздің образ.

Өте жақсы, керемет бейнеміз.

Сол образ алыстаңқырап, көлеңкеленіп бара жатыр...


Erlan Sairov

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 299    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.03.2019, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31