Тіл - тас жарады...

Біреудің өтірік-шынды əңгімесін тыңдағанша кітапты неге өздері оқи салмайды?

  • Біреудің өтірік-шынды əңгімесін тыңдағанша кітапты неге өздері оқи салмайды?

    Біреудің өтірік-шынды əңгімесін тыңдағанша кітапты неге өздері оқи салмайды?

Қазақ пен орыс мақтанып отыр дейді. Орыс айтады:

- Ресейдегі Нева өзенінің бойындағы жерді 500 метр қазғанда кабель табылыпты. Олай болса, орыстарда осыдан 500 жыл бұрын сымды телефон болған екен. Сонда қазақ:

- Біздің Есіл өзеніміздің бойындағы жерді 1000 метр қазғанда ешбір сым табылмапты. Соған қарағанда қазақтарда осыдан 1000 жыл бұрын да сымсыз телефон мен Уай-Фай болғаны анық - депті.

Осында айтылғандай-ақ соңғы кезде біздің кейбір семинар-тренинг өткізгіш ғұламалар қызды-қыздымен бүгінгінің əңгімесін ертедегі би-шешендеріміз айтқан деп ұрып жіберетін болыпты. Осы жұртты түсінбеймін. Бəрі қаріп таниды, сауаты бар. Шығарылған кітап атаулы ит басына төгіледі. Кітапханалар қаңырап бос тұр. Тренингке теңге мен уақытыңды шығындап барып, біреудің шала-шарпы, өтірік-шынды əңгімесін тыңдағанша кітапты алып жамбастап жатып неге өздері оқи салмайды?


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1126    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.11.2018, 13:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31