Тіл - тас жарады...

Бітпейтін жырқыл қазақты санасыз, қайғысыз - қамсыз тобырға айналдырып жіберген тәрізді

  • Бітпейтін жырқыл қазақты санасыз, қайғысыз - қамсыз тобырға айналдырып жіберген тәрізді

    Бітпейтін жырқыл қазақты санасыз, қайғысыз - қамсыз тобырға айналдырып жіберген тәрізді

Қазақ әдебиетін, тариxын бір адамдай кемірген адамның бірі мен едім, қазақ әдебиетінде мен оқымаған кітап жоқ десе де болады. Сонда әдебиетімізден, я тариxи деректерден "қазақ тойларында баяғының қазағы қолдарына қымыз ұстап, кезекке тұрып алып, алма - кезек ұзынсонар тост - тілектер айтады" деген бір ауыз сөз кездестірмеген екенмін.

Баяғының қазағы тойларын жағдайына қарап ат шаптырып, бәйге беріп, көкпар тастап, ақсүйек ойнатып, алтыбақан керіп, ән - күй шертіп жасаса керек. Одан, үлкендер тілек айтып қол жайып бата беріп, шамамен сөйтіп тарқасады. Ал бүгінгінің тойларында шиеттей балаларына шейін жұлқынып шығып әбден жауыр болған тосттарды айтып жатады. Бұл бізге орекеңдерден жұққан болу керек. Себебі, олардың тойлары жобамен сондай аста - төк, аңғыр - дүңгір боп келеді, стакан ұстап тілек айту дегені де сол жақтан келген. Ал қонақтарды тойда кезектеп шығарып артық ауыз бірдеңе деп қоймай, ұқсас тосттар айтқызу тәртібін бізге комсорг - парторгтар үйреткен болу керек. Кезінде бұндай тосттардың түп атасының мазмұны да "Ұлы Сталин көсемнің қол астында жарқын болашаққа, коммунизмге жете берейік" болуы да бек мүмкін, бұның жобасы соған кеп тұр. арақ ішіп, стакан ұстауды да бұл қазақ сол кезде үйрене бастады. Ол кездегі той асабалары да әдепті болған, олай болмай қайтеді, ол ыржалаңдай бастаса комсоргтер "совет адамына жат қылық жасады" деп оның қалпағын қайырып алады.

Ақиқатына көшсек, осындай дарақы, ысырапшыл, думаншыл, қайғысыз - мұңсыз тойлардың қазаққа пайдасынан гөрі зияны көп боп тұр. Бізде қазір статистика бойынша отау құрғандардың арасындағы ажырасып жатқан жанұялардың саны 40 пайызға жуықтап қалыпты. Яғни, бұндай статистиканың өзі бізге "әй думаншыл қауым, сенбі - жексенбі сайын тойлар штамповать етіп желіге бермей ойланыңдар" деп тұрғандай. Бірақ оған ойланған бір қазақ болсашы.

Меніңше, бұл бітпейтін жырқыл қазақты санасыз, қайғысыз - қамсыз тобырға айналдырып жіберген тәрізді. Совет заманында, мал соңындағы осы қазақ ауыл - резервацияларында қарағай бақанға палаткіні тықылдатып керіп қағып оның ішінде асыр салып той тойлай бергеннен басқа түк те істемеген, түк те. Анау "жер кетті, тіл құрып жатыр, Алматыда бір - ақ қазақ мектебі қалды, орыстандыру қарқын алып, біз ұлт ретінде жойылып барамыз, қолымыздан меxанизаторлық пен малшылықтан басқа дым келмейді, кәсіптен жұрдаймыз, өркениеттен шет қалып, мешеу боп барамыз" деген бір де бір ой болмаған ғой ол кезде, алла- ай, алла - ай. Мен қазір "біз таксист пен оxран боп қалдық, ұл қыз сапасыз боп барады" деп күнде қақсаймын осында, ал ана аға ұрпақта ондай тіпті болмаған екен. "О құдай - ай, тап сондай санасыз болған ба сонда бұлар" деп мен, балалары қазақша білмейтін, орыстан қатын алғыш, ауылға барып қызыл кітаптарын таратып, табақтағы басты жеп кететін сол кездегі "зиялыларының" жазғандарына шұқшисам да ондай толғаныс көрмеппін. Тіпті, ол кезде цензура болды дегеннің өзінде ел арасы айтылған ондай сөздер кездестірмедім.


Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 871    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.07.2018, 11:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31