Тіл - тас жарады...

Бұдан өткен қорлық бола ма?

  • Бұдан өткен қорлық бола ма?

    Бұдан өткен қорлық бола ма?

Басқасын айтпай-ақ қоялық, бір ғана мемлекеттік тіл саясатының о бастан жүйелі түрде шешілмеуі уақыт өткен сайын қаншама проблема тудырып келеді. Ширек ғасырдан бері тіл саясатын біржақты шешуге қаншама мүмкіндік болды әлі де бар. Саяси ерік-жігер, бәрінен биік тұратын мемлекет мүддесі дейтін нәрселер осындайда еске түседі. Тәуелсіздік дегеніміз, тіл тәуелсіздігі. Ал біз қарапайым қоғамдық орындарда мемлекеттік тілде қызмет ала алмаймыз. Бұдан өткен қорлық бола ма? "Заңда бәрі бар, құқыңызды қорғаңыз, талап етіңіз" дейді. Ол заң бұлжымай орындалып тұрса, құқымды қорғаймын деп қалың қазақ петиция жаза ма? Ал заңды қадағалаушы орган қайда сонда? Отыз жылда тіл тәуелсіздігіне жетпеу...

"Олар өздері сөйлегісі келмейді, орысша біледі, түсінеді, қоғамның өзіне байланысты" деп мемлекеттік тіл саясатына қазақты - қоғамды кінәлаудың қажеті жоқ. Қазақ тілі - ширек ғасырдан астам уақыт күн тәртібінен түспей келе жатқан ең өткір саяси мәселе. "Қазақ тілін сүйтейік, бүйтейік, сүйтсеңдерші, бүйтсеңдерші" деудің және жарнама іс-шаралардың түкке керегі жоқ. Мемлекеттік тілге саяси тәуелсіздік керек. Латын әліпбиіне өткеннен тіл тәуелсіз болып шыға келеді дегенге де күмәнім бар.


Өміржан Әбдіхалықұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.12.2018, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31