Бүгінгі билік кешегі кеңестік инерцияның жұрыны
Мен метатрадиционалист емеспін. Мен дәстүріме берік болуды аңсайтын адаммын. Ескішіл де емеспін. Бірақ ескі өткенсіз келешек жоқ. Мен өткен тарихтан жаңаны іздеймін. Себебі менің мәдениетім - менің рухани кеңістігім. Мәдениетім - менің еркіндік алаңым. Сол кеңістік тірі болса менің еркіндігіме де кепілдік бар. Сол кеңістікті тірі ұстау үшін де мемлекеттілік шарт. Шүкір біз егемен елміз. Демек мәдениетіміздің де тірі болуына кепілдік бар. Бірақ бүгінгі қоғамдағы ахуалға қарап отырсаңыз, сенің мәдениетіңнің тіршілігін, болмысын жоқтамасаң, кепілдікті талап етпесеңіз, билік оғына пасқырмайды. Себебін білесіздер... Бүгінгі билік кешегі кеңестік инерцияның жұрыны.
Ең басты құндылығымыз - егемендік. Ел болу ол да үдеріс. Сол үдеріске ұлт ретінде өз мақсат -тілегіңді (компонентіңді) араластыра алмасаң, бәрі далбаса. Тілің де, дінің де, мәдениетің де, еркің де, басқа шаблондардың жетегінде кетеді. Ояу болу шарт!
Dosay Kenjetay
Facebook-тегі парақшасынан