Тіл - тас жарады...

Бүкіл шығынды зейнеткерлердің есебінен өндіріп, оларды құл сияқты ұстағысы келеді

  • Бүкіл шығынды зейнеткерлердің есебінен өндіріп, оларды құл сияқты ұстағысы келеді

    Бүкіл шығынды зейнеткерлердің есебінен өндіріп, оларды құл сияқты ұстағысы келеді

Қытайдың зейнет жасына байланысты жасағалы жатқан реформасы ресейліктердің көңіл-күйін түсіріп тастапты. Қытайда қазір ер адамдар 60 жасында, әйелдер жағы 55 жаста зейнетке шығады екен. Болашақта оны тағы бес жылға дейін төмендетіп, ерлерді 55 жаста, әйелдерді 50 жаста зейнетке шығармақшы болып жатыр олар. Осыдан он жылдай бұрын қытайлар зейнет жасының жұмысқа әсерін зерттеп көріп, 50 жастан кейінгі жұмыс адамның тез шаршап, күйзеліске ұшырауына әкеп соғады деген қорытынды шығарған. Қазір барған сайын адамның орнын техника алмастырып, технология қарыштап дамып бара жатыр. Бірақ қытай үкіметі зейнетке шыққаннан кейін де қызметінен қол үзбей, жұмыс істей беретін адамдарды ынталандырыпы қоятын бағдарлама да қабылдағалы жатыр екен. Олар мұны Солтүстік Кореядан көріп істеген. Біз жамандап жүрген Солтүстік Кореяда зейнетке шықса да жұмыс істеп жүрген адамдардың айлығына қосымша ақша қосып береді екен. Ол ақша – кейде сол кісінің айлығының жартысына жуықтап қалатын көрінеді. Қытай қазір шынымен де өсіп келе жатқан мемлекет. Ал өсетін, өскен мемлекет – халықтың әлеуметтік тұрмысына көңіл бөледі. Постсәветтік елдерде әлі күнге дейін келе жатқан бір жаман психология бар: бүкіл шығынды зейнеткерлердің есебінен өндіріп алып, оларды құл сияқты қылып ұстағысы келеді үнемі!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1406    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.09.2018, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31