Тіл - тас жарады...

Бұл біздің қазіргі жүйенің диагнозы

  • Бұл біздің қазіргі жүйенің диагнозы

    Бұл біздің қазіргі жүйенің диагнозы

Комсомолдың кешегі 100 жылдығы – өскелең ұрпаққа үлгі көрсетуі тиіс болған біздің саяси элитаның өзі бағыт-бағдарын, «ақидасын» таба алмай, әлі күнге дейін адасып жүргенін көрсетті. Бұл біздің қазіргі жүйенің диагнозы. Осы 25 жылдың ішінде отарсыздану процесін жүргізгенде, дәл мұндай саяси сорақылық болмас еді бізде қазір. Бірақ осы «мерейтойға» қатысқандардың ішінде халыққа жаны жақын тұлғалар бар. Бәрін бір шыбықпен айдай салғанымыз да дұрыс емес шығар. Ол – Иманғали Тасмағамбетов. Тәуелсіздіктің алтын бесігі - Алматының қақ төрінде өткен біртүрлі жиынды әлеуметтік желідегілер қатты сынға алды ғой, көрдіңіздер. Солардың арасынан Иманғали ағамызды да байқап қалдым да, әттеген-ай, қосақ арасында кететін болды ғой дедім. Еріксіз келіп қатысқан адам екені көрініп-ақ тұр. Ол кісі комсомол комитетінде бірінші хатшы болып жұмыс істеп, бірнеше жыл бойы Атыраудағы комсомолдың одағын басқарған. Жиынға қатысқандардың көбі жан-тәнімен сол кезеңді аңсайтындар болғанымен, дәл Иманғалидың бойынан ондай құлшынысты, ондай біртүрлі патриотизмді байқай қоймадым. Керісінше, осы бір даңғаза шуды аса жақтырмайтыны, өзін басқа бір ортаға түсіп қалған адамдай сезініп тұрғаны көрініп тұрды. Мәскеуде елші болып істейтіні тағы бар. Бұның бәрі сол жақтан келіп жатқан «эпидемия» ғой. Биліктің өзі рұқсат беріп отырған комсомолдың 100 жылдығына арнайы келіп қатыспаса, тағы екі оттың арасында қалатыны белгілі жәйт еді. Мұндайда саяси жүйеге қарсы шығып, ағысқа қарсы жүзгеннен гөрі үндемей-ақ сол «сектанттардың» шабашына келіп қатысса, өзіне де, халықтың қамы күшін де әлдеқайда дұрыс шешім болып шығады. Имекеңнің бұл жиынға осындай оймен келгеніне күмәнім жоқ. Тасмағамбетовтың командасында жұмыс істеген, оны бір кісідей білетін адам болған соң айтып отырмын!..


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.10.2018, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30