Тіл - тас жарады...

Бұл елде мен шешетін проблема қалмаған ба?!

  • Бұл елде мен шешетін проблема қалмаған ба?!

    Бұл елде мен шешетін проблема қалмаған ба?!

ӘЗІЛСЫМАҚ БІРДЕМЕ


Бір дамушы елдің тұрғындары қоғам өміріндегі проблемаларды шештіру үшін өздері сайлаған ел басшысына үнемі ашық және жабық хаттарды жиі жазады екен. Алайда, аппараттағылар оны әлгі басшыға жеткізбей жол ортадан өздері бір стандарттық жауап жазып қайтара беретін болса керек. Оның орнына өздері ұйымдастырған мадаққа толы, ізгі тілек білдірген, алғыс, ода айтқан хаттарды ғана таныстырады. Ондай бір сарынды дүниеден әбден жалыққан басшы бір күні аппараттағыларға жатып кеп ұрсыпты:

- Сендердің мадаққа толы хаттарыңнан жалықтым. Мәселені дереу шешетін күрделі ұсыныс, өзекті проблема неге жоқ? Маған осыдан былай тек сондай хаттарды ғана әкеліңдер! Бұл елде мен шешетін проблема қалмаған ба?!

Ләппайшыл аппарат не істерін білмей қатты сасады. Негізі, проблемалық ұсыныстар мен хаттардан көп ештеңе жоқ. Бірақ, оның бәрін таныстырса, өздерінің жауапсыздығы ашылып, таяқтың бір ұшы сарт етіп тиетіндіктен таныстыруға батылдары жетпейді. Сосын бір апта бойы барлық хаттарды сұрыптап жүріп, біреуін ғана таныстыруға апарады. Әлгі хатта былай делінген екен: «Біздің отандық өнімдерден ең көп тұтынатын затымыз – «Халықтық» деп аталатын әжетхана қағазы. Былай қолдануға жарамды. Бірақ, оны әжетханадағы арнайы ілгішке орналастырайық десек, тесігі жоқ. Сосын, ілгіштегі сымға тықпаласақ, ортасы ойылып, қағаздың біразы жарамсыз болып қалады. Унитаздың үстіне қоя салсақ, домалып түседі де су-су болып тіпті істен шығады. Осыны бір қолданысқа қолайлы етуге ықпал етуіңізді сұраймыз» - деп, бір топ қоғам қайраткері қол қойыпты.

Басшы дереу өз әжетханасына кіреді де сондағы қағазды көреді. Сөйтсе, ортасында үлкен тесігі бар кортон салынған тәп-тәуір дүние көрінеді.

- Мұның қай жеріне тағы қандай тесік керек болды екен. Біздің халық та қайдағыны сұрайды – деп таңданып басын шайқапты да бұрыштама соғып, рұқсат бере салыпты.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1647    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.01.2018, 12:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31