Тіл - тас жарады...

Бұлар бәрінің жағдайы да, ойы да өздерінікіндей деп ойлайды-ау деймін

  • Бұлар бәрінің жағдайы да, ойы да өздерінікіндей деп ойлайды-ау деймін

    Бұлар бәрінің жағдайы да, ойы да өздерінікіндей деп ойлайды-ау деймін

Бұлар бәрінің жағдайы да, ойы да өздерінікіндей деп ойлайды-ау деймін: бүкіл қазақ шетелге шығып, сол жақта жүріп қолындағы ноутбугымен жазып, жұмыс істейтін сияқты... Оу, бұ жақта да біраз адам қалайын деп отырмыз, ең әуелі, осы елде тұрып, оқып, жазатын адамдарға ыңғайлы жағын ойласаңыздаршы!

Кеше футбол көрдім, түрік төрешісінің аты-жөнін Cüneyt Çakır деп жазып, Джүнейт Чакыр деп дұрыс оқып жатыр (Сунейт Какир екен деп отырған жоқ). Түрік әліпбиі бүкіл Еуропа-Америкаңызға таныс. Ақыры біздікілер өзімізден бұрын Еуропа-Америкаға түсінікті болса екен деп отыр екен (как будто соларға қазақ тілі керектей), неге түрік үлгісімен жасалған Тіл білімі институтының нұсқасын ала салмайды? Ертең қазақтан Әлиғазы Өңешов деген бір төреші шығып, халықаралық маңызды матчқа қазылық етсе, олар мына (A’li’g’azy O’n’es’ov) қаптаған қалың үтірді көріп, А-ли-г-ази О-н-еш-ов деп кәрістерше (Ким Пак Сун) бөліп оқу керек екен деп отырмасына кім кепіл?

Мен латын әліпбиі деген бастаманы біздің елдегі "улап-шулап кірісіп, басталайын деп қалып, ақыры қожырап, тоқтап тынатын" сансыз көп шаруаның бірі деп ойлаймын (осы 26 жылда бір толығымен біткен іс есімде жоқ). Сонда да көріп отырған соң, кейде үнсіз қала алмайсың..


Сәкен Сыбанбай

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 11:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ
    9 Мамыр, 12:09
    Серік Жанболат
    21 Сәуір, 08:51
    Тағы халық кінәлі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31