Тіл - тас жарады...

Бұлардың есімдері қазір біздің қалаларымыздан көшелер атауын алуға лайық па?

  • Бұлардың есімдері қазір біздің қалаларымыздан көшелер атауын алуға лайық па?

    Бұлардың есімдері қазір біздің қалаларымыздан көшелер атауын алуға лайық па?

Егер сіздің қалаларыңызда, ауылдарыңызда ел - жұртыңыз бұрын - соңды болмаған апатқа ұшырап, ашаршылыққа тап болып, миллиондаған халық аштықтан қырылып, тышқан жеп күнелтіп, тіпті кісі аулап бірінің етін бірі жеп, ит - құсқа жем болып, тоз - тоз болып кетсе сіз қайтесіз?

Меніңше, сіз жынданып кетесіз немесе егер сіздің ақыл парасатыңыз орнында болса "өзекті жанға бір өлім" деп ашаршылыққа кінәлі өкіметке соғыс ашып қару асынып өлесіз. Мүмкіндігім болса мен екіншісін істер едім.

Ал біздің "социализм құрушы" қазақ большевиктері, тіпті бұндай трагедияға да қыңқ етпей, ұрандап "социализм құруды" жалғастыра берген көрінеді.

Алашорда азаматтары бұл кезде түрмеден көз ашпады, олар бұл кезде екі - үш рет сотталып үлгерді, қысқасы, өз бастарымен қайғы болды. Жүсіпбек тіпті алдыңғылардың қатарында атылып кетті.

Ал ашаршылық кезінде Голощекинмен аң аулап, арақ ішіп жүрген қазақ большевиктері, халқы ашаршылықтан қырылып жатқанда қайда болды екен?

Олардың көбісін кейін (37 - 38 жылдары) Сталин атып тастады, бірақ бұлар 31 - 33 ашаршылық жылдары үлкен қызметтерде отырды емес пе.

Сол кездегі қазақ трагедиясына селт етпей, большевиктер өкіметіне адал қызмет жасағандарды қайтеміз? Сонда бұлар үшін миллиондап қырылған қазақтан Маркстің идеясы артық болғаны ма? Бұлардың есімдері қазір біздің қалаларымыздан көшелер атауын алуға лайық па?

Кешіре аламыз ба оларды халқым?

Жеке өз басым кешіре алмаймын, оны айтып қояйын.


Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2543    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 02:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31