Тіл - тас жарады...

Бұларға салсақ, қазақтан өткен сорлы, бейшара әлемде жоқ екен

  • Бұларға салсақ, қазақтан өткен сорлы, бейшара әлемде жоқ екен

    Бұларға салсақ, қазақтан өткен сорлы, бейшара әлемде жоқ екен

Мен түсінбейтін бір әңгіме бар.

Рас, Қазақстандағыдай аштық басқа түркі республикаларында болған жоқ. Адам шығыны жөнінен біздерге ең ауыр тигені рас.

Менің айтпағым репрессиялар туралы.

Көп таралған әңгіме: қазақтар бір-бірін көре алмайды, бір-біріне жауыз болған, бір-біріне басқалармен салыстырғанда көбірек "донос" жазған дейді. Бұларға салсақ, қазақтан өткен сорлы, бейшара әлемде жоқ екен.

Осы қайдан шыққан? Оны кім айтты?

Мен әдейілеп Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан деректерін көріп шықтым. Олардағы жағдай да шамамен біздікіндей. Зары да біздерге келеді. Республикалардағы адам санына шақсақ, біздерде олардан көп адам атылмаған, шамасы біздікіндей.

Сонда біз неге өзімізді өзіміз қорлаймыз кеп? Өзімізді-өзіміз неге жиеркенішті етіп көрсетеміз?

Сталиндік түрме түгілі, бүгінгі түрмеге түссең, үш күн тепкіден кейін туған әкеңді жау, туған шешеңді тыңшы деп өзің ұстап бересің.

Байқағаным, сталиндік репрессияның қазақы үлгісі не варианты болмаған.

Басқаша десеңіздер, маған санмен, дерекпен дәлелдеп беріңіздерші!


Aidos Sarym

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1973    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.04.2018, 12:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31