Тіл - тас жарады...

Біз бәрін әкімгерлік-әміршілдікпен шешкіміз келеді

  • Біз бәрін әкімгерлік-әміршілдікпен шешкіміз келеді

    Біз бәрін әкімгерлік-әміршілдікпен шешкіміз келеді

АҚШ және Батыс елдерінде әдеби кітап өте көп оқылады. Талантты жазушыларға сұраныс та өте жоғары. Ол елдерде жазушыны елге танытатын өкімет немесе жазушылар одағы емес. Керісінше, кітап басып шығаратын құрылымдар. Баспахана деген кәдімгідей өндіріс ретінде ол жақта өте тиімді әрі пайдалы жұмыс істейді. Жазушы қолжазбасын баспа орындары өздері іздеп отырады. Оқырманның биік талғамына сай келетін сапалы кітаптарға талас көп. Бұл да өнер. Бізде жалпы, өнер менеджменті мен маркетинг атаулы жоқ, өте кенжелеп жатқан сала. Біз бәрін әкімгерлік-әміршілдікпен шешкіміз келеді. Оған қоғам көне бермейді. Қоғам өзінің сұранысын ғана іздейді. Осымен санасуға тиіспіз.

Ал, біздегідей көркем әдебиетке мемлекеттік тапсырыс болғаны, жазушылар үшін тиімді де, тиімсіз де тұстары бар. Тиімдісі, жазушыларға жасалатын мемлекеттік қолдауы және тұщымды дүниелерін жарыққа шығарып, оқырманға ұсынудың зор мүмкіндігі. Ал, тиімсіз тұсына келсек, кітап етіп щығаратын қолжазбаларға пікір білдіретін эксперттер тамыр-таныстыққа тартып, сапасыз әрі оқылмайтын кітаптарға да жол ашып бере салады. Оған комиссия мүшелері де көңіл жықпастықпен бата беріп жатуы мүмкін. Негізі, қаламақы төлейтіндіктен жазушыға да, ішінара пысықай халтурщиктерге де пайдалы.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1222    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.05.2018, 15:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31