Тіл - тас жарады...

Біз дамыған елдердің қатарына форумдарда айтылған жалған ұрандармен кірмейміз

  • Біз дамыған елдердің қатарына форумдарда айтылған жалған ұрандармен кірмейміз

    Біз дамыған елдердің қатарына форумдарда айтылған жалған ұрандармен кірмейміз

Бүгінгі ашынған аналардың жанайқайын түсінемін. Өзім де он жылдан артық баспанасыз пәтер жалдап жүрдім. Бала-шағамен пәтерден-пәтерге көшіп жүргеннен қиын қорлық жоқ. Тұрған үйіміз ыс болып ұлымды қатты ауыртып алған жылдарды еске алсам денем түршігеді. Енді сол азабымды соңымдағы інілерім тартып жүр. Былай қарағанда, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары көп сияқты. Бірақ ол бюджеттің айлығына күнелтетін отбасыларға қолжетімсіз. Ондай үйді алу үшін банк алғашқы жарнасын былай қойғанда, міндетті түрде гарант сұрайды. Өзі қалтырап күнелтіп жүрген адамдар гарантты қайдан табады? Былтыр бір үйсіз қиналған туысыма гарант бола қояйын десем, менің тапқан айлық табысым жан басына шаққанда үш баламның күнкөрісіне ғана жетеді екен. Әйелім екеуміз ауамен қоректенеді екенбіз.) Ал сонда қарапайым қара жұмыс істейтін адамдар қайтіп үй алмақ? Көпбалалы отбасылар да солардан шығады. Сондықтан Үкімет алдымен қара халыққа жеңілдікпен үй берудің тетіктерін ойластыру керек. Жас отбасыларға үй берген дұрыс. Сонымен қатар, жасы қырықтан асып әлі үй ала алмай жүрген отбасылар да өте көп. Солардың жағдайын да ойлауымыз керек. Екінші, көп балалы аналардың жәрдемақысын төрт-бес есеге дейін көбейту керек. Біз дамыған елдердің қатарына форумдарда айтылған жалған ұрандармен кірмейміз. Дамыған ел болу үшін алдымен саны көп саналы ұрпақ, сапалы халық керек. Үкімет халықтың саны көбейуіне жағдай жасау керек деп санаймын. Атқамінер мырзалар, халықты ашындырмаңыздар! Аналардың қойған талабының бәрі орынды. Мәселені ушықпай тұрғанында шешкендеріңіз дұрыс.


Серікзат Дүйсенғазы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.02.2019, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28