Тіл - тас жарады...

Біз қазір көп нәрсеге намыстанбаймыз...

  • Біз қазір көп нәрсеге намыстанбаймыз...

    Біз қазір көп нәрсеге намыстанбаймыз...

Соңғы уақытта таулықтар жекпе-жекке көп шығып жүр ғой. Кейбір версияларда қазақ атымен жоқ. Былай қарасаң, олардан санымыз әлдеқайда көп, ә?! Сонда біздің сапамыз төмендеп кеткен бе? Осының астарына үңіліп көрсем, таулықтарда намысты жанитын себеп көп екен. Мысалы олар (шешендер әсіресе) орыстан жеңіліп қалса, жерге кіріп кете жаздап, жаман қорланып қалады. «Жаман орыстан жеңілгенше, өлгенің артық» деп өсіреді екен шешендер баласын. Бізде қалай? Біз орысты өзімізбен тең көріп кеттік. Тең көргеніміз былай тұрсын, оларды өз елімізде басқа шығарып алдық. Мысалы, қазақ баласына ұйғыр, күрд, шешен, тәжік секілділер тиіссе, өре түрегелеміз де, орыстан таяқ жеп қалса, үндемей қоя саламыз. Орысты «өз ағамыз» сияқты көріп кеткенбіз. Ауылдан алғаш келгенде орыстың балалары бірдеңе десе, көзін көгертіп, тәубесіне түсірмей тоқтамайтынбыз. Сөйтсек, қаладағы психология мүлдем басқаша екен ғой. Қазақ қызының орыстың жігітімен қол ұстасып кетіп бара жатқанын көргенде, басында жаман болып қалып, намыстан жерге кіріп кете жаздайтын едік. Қаланың мәңгүрттенген психологиясы бізді бірте-бірте осындайға намыстанбауды үйретті. Ал намысқа тиетін, намысты жанитын нәрселер азайғанда, жеңіске деген жігер де жоғалып кетеді екен. Намыс пен ерліктің болмысы бір. Біз қазір көп нәрсеге намыстанбаймыз...


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 957    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 16.01.2018, 13:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Халықты ақымақ санайды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28