Тіл - тас жарады...

Біз неге бір-бірімізден қорқамыз?

  • Біз неге бір-бірімізден қорқамыз?

    Біз неге бір-бірімізден қорқамыз?

Диірменнің тасына түскен бидайдай тіршіліктің илеуіне енді ілініп, армандар аласарып, тұрмыс зораяған кездің бірі еді. Ерекең бірге жалдап тұрып жатқан пәтерден көшіп, "Алтынбесікке" жамағайын туыстарының қасына барып қоныстанды. Ол кезде Төле би көшесі Қалқаманға қарай созылмаған, "Алтынбесік" пен "Баянауыл" базарының ортасында шақырымға жуық бос жер бар. Түнделетіп жалғыз-жарым жүруге мен деген жігіттің өзі қорқақтайды. Сөйтіп, Ерекең әдеттегідей жұмыстан кеш шығып, (жұмыстан ерте шығу деген Ерекеңнің әдетінде жоқ.:) ) Түн қараңғысында жалғыз өзі елеңдеп үйге беттеп бара жатса, 10-20 қадам алда бір жігіт кетіп бара жатқанын көреді. "Неде болса қатарласайын, бір-бірімізге қара болармыз" деген оймен Ерекең жеделдете басып, әлгі қараға жақындайын десе, анау одан сайын жүрісін жылдамдатып қашқақтайды дейді. Содан не керек, бірі қашқандай, бірі қуғандай болып ауылдың шетіне де іліккен ғой.

Осыны айтып, Ерекең "Біз неге бір-бірімізден қашамыз, неге қорқамыз а?" деп ауыр сұрақ қойып еді. Осы оқиғаға өлең де жазды. Содан бері де 6-7 жыл өтті. Біз әлі бір-бірімізден қорқып, үркіп, секемденіп тұрамыз. Біз де сол басты капиталымыз - бір-бірімізге деген сенімімізді жоғалттық. Қасіреттің зоры ғой. Қазір адамдарға сеніммен қарайтын кісіні "ашық ауыз", "аңқау", "кім көрінгенге сенгіш" деп сипаттап жатады. Сөйте тұрып, "жүйе неге өзгермейді, қоғам қашан түзеледі, жұрттың ниеті бұзылған" деп сарапшы болып, өзгеріс қашан болады дейміз-ау...


Өміржан Әбдіхалықұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 715    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 17.05.2017, 10:13

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Шілде, 11:54
Бізде бәрі проект...
17 Маусым, 13:55
ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31