Тіл - тас жарады...

Біз Оғызды түсінбейміз, ол мемлекетінде қожайын болған ұлттың өкілі

  • Біз Оғызды түсінбейміз, ол мемлекетінде қожайын болған ұлттың өкілі

    Біз Оғызды түсінбейміз, ол мемлекетінде қожайын болған ұлттың өкілі

Оғыз талап етті, банк кешірім сұрады! Дау бітті! Банк енді қазақша жақсы білетін мамандар ала бастайды. Демек, ауылдан шыққан қарагөздердің бірнешеуіне жұмыс табылады. Әсер-ықпалы жақсы қадам болды. Ал кей қазақ Оғызды мазақтап жатыр. Біз оны түсінбейміз, ол мемлекетінде қожайын болған ұлттың өкілі. Өз үйінде қожайын болған адам өзге үйдің қожайынына құрметпен қарайды. Біз өзбекті, арабты да түсінбейміз... Біз советте 50 пайыз қазақ, 50 пайыз орыс болып өмір сүрдік, бүгін 30 пайыз қазақ, 30 пайыз орыс, 30 пайыз ағылшын, 10 пайыз қытай болуға көндік. Ұрпағымызды солай тәрбиелеуге рұқсат еттік. Оғыз ондайды ұқпайды, біз оны ұқпаймыз. Егер Оғыз банкте орысша сөйлеп, Қазком менеджерлермен ыржыңдап селфи жасаса әлдеқайда ұғынықты болар еді. Меніңше, кешірім сұратқаны - сазарып отырған солтүстігімізге жақсы сабақ. Ал, іші пысып отырғандарға тақырып. Салғыласып отырып сойқан ойлар айтып тастаймыз... Тоқтайық, кешірім жасалды, тақырып жабылды.


Serik Abiken

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3553    Пікірлер: 0

жұма, 27.04.2018, 23:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30