Тіл - тас жарады...

Біз оларды "мемлекеттік қызметкер" деп дардай ғып, бір жерін шелейтіп қоямыз

  • Біз оларды

    Біз оларды "мемлекеттік қызметкер" деп дардай ғып, бір жерін шелейтіп қоямыз

Мемлекеттік мекемелердегі бюрократияны да Жолдауы барысында Назарбаев қатты сынға алды. Керек десең, Владимир Маяковскийдің "Прозаседавшиеся" деген өлеңін де мысалға келтірді. Қазір әкім-қараларды айтпағанның өзінде ел бюджетінен, халық төлеген салық есебінен күн көріп отырған ел дамуына қосып жатқан ешбір үлесі жоқ, шығыны шашетектен, ал, пайдадан мүлде жұрдай шағын ғана мекеменің қозы қарын топас бастығының өзі қарулы күзетпен өзін қоршатып алып, талтаңдап зорға жүруге шақ қалды. Ештеңе тындырмаса да, қолынан іс келмесе де бюджеттің қаржысымен оққағар мен бірнеше көмекші-кеңесші, түк тындырмайтын хатшы ұстауға бәрі шебер. Әлде бір шаруамен бара қалған қарауындағы қызметкерлерінің өзін сағаттап күттіріп, керіліп-созылып отыратын тас мүсін дурак бастықсымақтар қаншама. Біз оларды "мемлекеттік қызметкер" деп дардай ғып, бір жерін шелейтіп қоямыз. Бұл атау шын мағынасы бойынша "халыққа қызмет көрсету" емес, "халыққа құлшылық немесе жалшылық жасау" деген өзінің түпкілікті мәніне оралғанда ғана демократияға бет бұрып, бюрократияны Маяковский айтқандай тас-талқан етуге болады. Оны қазақ ата-бабаларымыз "Ұлық болсаң - кішік бол" деп бірауыз сөзбен түйіндеген. Кішік бола алмасаң, қараңды батыр, кет деген сөз ғой.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1161    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.10.2018, 17:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31