Тіл - тас жарады...

Біздің елде ірі шенеунік болып тағайындалған адам - бизнес ашып алған адаммен бірдей

  • Біздің елде ірі шенеунік болып тағайындалған адам - бизнес ашып алған адаммен бірдей

    Біздің елде ірі шенеунік болып тағайындалған адам - бизнес ашып алған адаммен бірдей

Бүгінгі шенеунік - біз үшін полиция немесе маи қызметкері секілді жағымсыз қызметтердің өкілі секілді боп қалды. Кім ұры - шенеунік, кім жемқор - шенеунік, кім озбыр - шенеунік, кім әділетсіз һәм дөрекі - шенеунік, кімнің қарны дәу - шенеунік, кімнің беті бөлкедей - шенеунік. Кім шетел асты - шенеунік, кім ұсталып, састы - шенеунік. Біздің елде ірі шенеунік болып тағайындалған адам - әдемі идея тауып, бизнес ашып алған адаммен бірдей.


Өз бизнесің болғанға не жетсін, әрине. Шаруаңның қызығы да шыжығы да, қиыншылығы мен қуанышы да адамға майдай жағады. Есесіне еркінсің. Ал, бүгінгі саяси режимде қызмет атқарып жүрген шенеунікті бір жағынан аяйсың. Себебі, заман аумалы-төкпелі, қатты құбылмалы, тайғанақ боп тұр. Бүгінгі креслоңның дөңгелектері - ертең сені үлкен проблемаларға зырылдатып алып баруы мүмкін. Себебі, ол шенеунік өзі байқамай, жесір мен жетімнің, барар жері, басар тауы қалмаған адамның назасына қалады.


Адамның наласы өз кезегінде өте қуатты энергия. Шыр айналтып жібереді. Жемқорлықпен ұсталған әрбір шенеунік өз проблемасымен жалғыз сорлап қалады. Сол кезде маңайында жүрген "жан достарың", "мәке-сәке-бәкелерің", "жан бауыр", "өлсек бір сайда, тұрсақ бір төбеде" деп сансыз рет сауналарда кеуде соққан ағайын, бытырай жоғалады. Жақсы адам болуы мүмкін, сөзсіз жақсы әке, керемет жар болып жүрген кісі - бір күннің ішінде қоғам назарына ең сорлы, сұмпайы, тоғышар, мешкей бейнесінде ілігеді. Шенеуніктің қолы алса да кір, алмаса да кір.


Шын мәнінде бүгінгі шенеуніктің ықпалын астындағы креслосы анықтайды. Астындағы креслосы тайды, бітті. Жан адамға қажетің жоқ. Сондықтан не адал жұмыс істеу керек, не мүлде ол "маңға" жоламаған абзал. Өмір - бумеранг. Бүгін бетін көрсетеді, ертең теріс айналып, басқа біреуге күлімсіреп тұрады. Сосын ардың соты бар. Одан құтылсаң, ең жоғарғы Аспани сот күтіп тұрады.


Меніңше әр қазақ өз шаруасын бастап, құлап-тұрып, қайта дөңгелетіп, әйтеуір еркін, адал өмір сүруі керек сияқты. Әрі адалсың, әрі еліңе төлеген салығыңмен болсын пайдаң тиеді. Әр қазақ байыса, елдің де еңсесі тіктелер еді. Дейміз ғой...Алайда, айтылып отырған сол шенеунік мырзалар бүгін - кәсіпкердің бірінші жауы болып отыр. Ел экономикасын дамыту үшін бизнестің алқымына жабысқан шенеуніктің қолын ажырату керек-ақ.


Aqberen Elgezek

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1429    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.06.2018, 16:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31