Тіл - тас жарады...

Біздің монополистер қарапайым азаматтармен адамша жұмыс істеп үйренбеген

  • Біздің монополистер қарапайым азаматтармен адамша жұмыс істеп үйренбеген

    Біздің монополистер қарапайым азаматтармен адамша жұмыс істеп үйренбеген

ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ


Әлем әдебиетінде адамды құмырсқаға теңейтін үрдіс болған. Әлемге танымал жазушылардың біразында бар бұл дүние. Соның бірі Мұхтар Мағауин ағамыз жазған құмырсқалар қырғыны екенін білеміз. Құмырсқа - тірлік үшін арпалысқан бейкүнә жәндік. Біздің қоғам сияқты қауымдасып тіршілік жасап жатыр. Бірақ, оны мыжи салу оп-оңай. Өйткені, оның құқығын ешкім сұрамайды. Біздің Ұлттық компаниялар мен монополистер адамға сондай тұрғыдан қарайды. Сондай идеология мен философия орныққан оларға. Кешегі Оғыз Доған ағамыздың басындағы жағдай сондай көзқарастың салдары. Болмаса, тұтынушы құқығын сақтау - клиентпен жұмыс істейтін әрбір компанияның басты қағидасы, бұлжымас заңы. Тұтынушының өзіне қажетті талап етуге құқы бар. Егер талабы тым өрескел болмаса - онда қанша рет және нені талап етеді, сонша рет орындалуға тиіс.Оғыз Доған - тұтынушы. Ол тіл туралы заңды сақтау болсын, басқа болсын, әйтеуір тұтынушы ретінде өз талабын айтып отыр. Орындай сал соны. Қолыңнан келмесе, қолынан келетін біреуді шақыра ғой. Бітті. Дамыған елдің басты құндылығы болып табылатын азаматтық қоғам дегеніміз осы. Әр азаматтың азаматтық құқын сақтау, оны құмырсқа ретінде мыжи салу емес. Ал, біздің монополистер қарапайым азаматтармен адамша жұмыс істеп үйренбеген, олармен бетпе-бет келіп қалғанда не істерге білмей сасады. Содан соң еріксіз Тіл туралы заңның тасасына тығылады, жағдайды қолдан ушықтырады. Енді оларды белгілі адвокат бауырымыз сотқа беріп жатыр екен. Дұрыс. Бұл істі барынша шуылдату керек. Басқаларға сабақ болсын. Құмырсқалардың құқығын сақтап үйренсін.


Serik Zhanbolat

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1759    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.08.2017, 09:05

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
16 Желтоқсан 2017
Халықты ақымақ санайды

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31