Тіл - тас жарады...

Біздің полицейлерді тепкілеп жүрсе, ертең басқамыздың мойнымызға мініп алады ғой мыналар

  • Біздің полицейлерді тепкілеп жүрсе, ертең басқамыздың мойнымызға мініп алады ғой мыналар

    Біздің полицейлерді тепкілеп жүрсе, ертең басқамыздың мойнымызға мініп алады ғой мыналар

Əлгі Қорғас бекетінде қазақ полицейлермен жауласып төбелесіп жүрген қытай азаматын заңның бар пəрменімен соттау керек. Сосын оны қытай баласы қоныс тепкен барлық жерге таратуға тиіспіз. Біздің полицейлерді тепкілеп жүрсе, ертең басқамыздың мойнымызға мініп алады ғой мыналар! Ал, арғы жақта олай істей алмайды. Жан керек, көке! Аспаннан аяғың салбырап түсіп, көкең төбесімен күнді тіреп тұрса да шлəпіңді бірақ қайырады. Сенбесеңіз Қорғастан əрі өтіп, Қытайға кіріп көріңіз. Қытайдың шекарасына жақындағанда-ақ тəртіп дегеннің алдымен тізенің дірілінен басталатынын сезесіз. Ар жағында кеден мен шекарадан өтіп болғанша, полицеймен төбелеспек түгілі өзіңіз полицейден тəртіпті жан боп кететініңізге гəп жоқ. Аман өткізген қытай офицердің 77 əкесіне алғыс айтасыз. Полицайдың жағасынан алатындай Астана көкесі бар дейсіз бе? Миллион доллар қаржымен ұсталып тұрып, мұртын балта шаппай кететіндер болады, əрине. Ондайлар аз. Ондайлар кездесіп жатса, оққағар қылып жұмысқа алшы деп мынау елдің шетінде, боран, дауыл өтінде мың қытаймен қырқысқанша, бір қытайдан сөз естігенім артық деп соңынан салпақтап кетер ме едіңіз? Сондықтан, полицеймен жаға жыртысқан əлгі қызуқанды қытай ісін міндетті түрде сотқа жеткізсеңіздер деген тілек бар. Ол жерде ел десе етпетінен жата қалып құм шайнайтын мықты жігіттер болуы керек. Болмаса, əлгі əңгүдүк қытайға өмірлік сабақ болатын сот процесі басталды.


Serik Zhanbolat

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1128    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 19:39

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Шілде, 11:54
Бізде бәрі проект...
17 Маусым, 13:55
ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ
9 Мамыр, 12:09
Серік Жанболат

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30