Елде сериал көп түсіріледі, бірақ, көрерменді "гипноздап" тастағанын байқамадым
90-жылдары Изаураның "сіңілісі" "Просто Мария" хит болып, анекдот шығып еді. Бір кісінің малын ұрлап кетіпті. Аңқиып тұрған қораны көршісі байқап, үйге жүгіріп кіріп: Апа-ау, не қып отырсыз талтүсте тонап, сиырды ұрлап кетіпті, - деп айғай салыпты. Сөйтсе, теледиларға телмірген қария: Үй, сиырды қоя берші, ана Мария байғұсқа обал болды, - деп еңіреп жіберіпті. Одан "Каралёк птица певчая", "Санта-Барбараға", "Никто кроме тебяға", ақыр аяғы әумесерлеу күйеуі бар "Келінге" ел ұйып қалды. Қазір, шүкір, елде сериал көп түсіріледі, бірақ, көрерменді "гипноздап" тастағанын байқамадым.
Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан