Тіл - тас жарады...

Елдің басын қатырып, алтын уақытын ұрламаңыз!

  • Елдің басын қатырып, алтын уақытын ұрламаңыз!

    Елдің басын қатырып, алтын уақытын ұрламаңыз!

"Бақытты болудың жолын үйретем, арманға бірге жетеміз!"-деп қалай оп-оңай айта бересіздер?!) Біреудің бақыты сіздің қолыңызда ма? Армандар ортақ болатындай, сіздер бір адам ба едіңіздер? Неше ақша шығарып, қайран уақытын қор қылып жүрген келіншектерге одан да "бір уақыт кітап оқы, мағыналы кино көр, шаруаңды істе, балаңмен айналыс" десеңіз, сол әлдеқайда пайдалырақ болар еді! Даналықтың кенін іздеу өз үлесіңізде қала берсін! Шиеттей бала-шағаны бір-біріне тастап, күні бойы үй көрмей, "бақытты, тәуелсіз, еркін әйел болам" - деп сіздің шашбауыңызды көтеріп жүрген танысымды үйіне қайтарыңыз!) Елдің жүрегін ауыртпай, қарындары аш балаларын жуындырып, шайындырып, тамағын берсін!) Мейірім де, ізгілік те, бақыт та әркімнің өз жүрегінде. Ол біреудің тренинг, ақылы курсында емес! Жүректің тыныштығы ақшаға сатып алып, ауыстыра салатын машинаның сайманы емес! Сондықтан біреудің жүрегін сіз реттеп бермей-ақ қойыңыз! Жарай ма?! Қысқасы, елдің басын қатырып, алтын уақытын ұрламаңыз! Әркім өз жүрегіне өзі ие болсын!) Ақылы, ақысыз ақылдарыңыз тасып бара жатса "өз ақылым өзіме" деп, болашақ үрім-бұтағыңызға сақтай тұрыңыз!


Шолпан Рақымқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1579    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2018, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31