Тіл - тас жарады...

Елің тоналғанда өз құқығыңды талап ете алмаған сорлы қазақтың бірісің!

  • Елің тоналғанда өз құқығыңды талап ете алмаған сорлы қазақтың бірісің!

    Елің тоналғанда өз құқығыңды талап ете алмаған сорлы қазақтың бірісің!

Егер, мен шетелдік болсам...


Қытай ма, еуропа ма, бәрібір. Алдымен, қазақтың ауылдарын аралап көрер едім. Сосын былай ойлар едім: жадағай тіршілік пен жанкешті өмір. Ауылдардың іші мен сыртындағы қоқыс, есік алдындағы шағын ауласын реттей алмаған, бақшасына бір тал екпеген жалқау қазақты көрер ем. Сонысына қарамай, той жасаудағы тыраштық, бәсекелестік, бақталастық жаға ұстатар ма еді? Одан кейін, қалаға келсем. О! Қалалары қандай керемет жайнап тұр деп бір ойлар ем. Капитализмнің қатал тәртібі көзге ұрып-ақ тұр. Көшелер толы шетелдік қымбат көлік. Түрі қазақ демесең, тілі орыс. Діні белгісіз!

Қадам сайын орнатылған камералар мен төрт-төрттен топтасқан тәртіп сақшылары. Халықтың үстінен жүргізіліп жатқан бақылаудың күштілігі соншалықты, елде қылмыс атаулы жоқ секілді. Бәлкім, түрмелер де баяғыда жабылып қалған шығар? Кешкісін жаңалықтарды көрмек болып, теледидарды қосып көрер ем. О, сұмдық! Мынау қай ел туралы айтып жатыр? Қырғызстан ба? Жо-жоқ! Тоқта! Шымкентте бес жасар баланы зорлапты. Ақтөбеде жаңа туған баланы қоқысқа тастап кетіпті! Өскеменде кәрі ата-анасын қыстың күні далаға қуып шығыпты. Астанада бір келіншек күйеуінің қос "қоңырауын" кесіп алыпты! Алматыда бес балалы ана бір жетіден бері ас ішпепті! Қарағандыда бір келіншек тұрмыс тауқіметінен қиналып, балаларын жетімханаға өткізіп кетіпті. Ана қаланың да, мына қаланың да көшесі толған жезөкше мен қайыршы... Ойбай-ау! Мұның бәрі Қазақстан ғой! Мына азып-тозған, бұл дүниеден халық ретінде жоғалып кетуге асығып бара жатқан қазақтар емес пе? Бұлардың "Рухани жаңғырып" жатқаны қайда? Бұлардың "болашақ үшін" деп жинаған миллиардтары қайда? Анау балалар, анау жастар елдің болашағы емес пе?! Жинаған қаржыны сол болашаққа жұмсамай қайда жұмсамақ? Бұл жерді мылтықсыз-ақ басып алуға таптырмайтын ел екен! - деп терең ойға батар ем.

"Атаңның басы, саған! - дейді екінші ойым. - Ол миллиардтарды жемқорлар өздерінің "болашағы" үшін әлдеқашан тонап кеткен! Ақша жинаған дорбаңның жыртығынан қазір Астананың желі азынап тұр! Ал сен қайдағы шетелдіксің?! Елің тоналғанда өз құқығыңды талап ете алмаған сорлы қазақтың бірісің! Бар, сүмелек!"- деп өзіме-өзім айтып-айтып тастай жаздадым...


Тоқтар Жақаш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1872    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.04.2018, 15:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Халықты ақымақ санайды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31