Тіл - тас жарады...

Ерік өзіңде, бай боласың ба, әлде сол баяғыша кедей болып жүре бересің бе...

  • Ерік өзіңде, бай боласың ба, әлде сол баяғыша кедей болып жүре бересің бе...

    Ерік өзіңде, бай боласың ба, әлде сол баяғыша кедей болып жүре бересің бе...

БАЙ, БАЙ, БАЙ... КЕДЕЙ, КЕДЕЙ, КЕДЕЙ...


Сонымен 2019 жыл да келді. Бұл жылдан біз не күтеміз? Кім не күтетінін өздері біледі, ал менің ойымша бай адамдар одан сайын байи береді, кедей адамдар одан сайын сіңірі шығып кедейлене береді. Ол кедейге одан сайын кедейлене бермей, 2018 жылғы кедейлік деңгейін сақтап қалса, оған соның өзі үлкен ерлік.

Неге олай? Бұл әділеттік пе?

Кез келген адам әділдік емес деп ойлайды. Кедей кедейлігінің басты себебін сырттан іздейді, біреуден көреді. Өзінен іздемейді. Адамның осы осал қасиетін кезінде Ленин деген адам шебер пайдаланған. Сөйтіп кіл кедей жиналып дүниені астан-кестен қылған. Жақсы өмірден дәмеленген сол адамдардың ұрпағы қазір кедейшілікте қалып отыр.

Бұған жауапты ойшыл жазушылар жазған кітаптардан табасыз.

Қалай ойласақ, солай өмір сүреміз. Ойлаған ойымызды әрекеттеніп, іске асырмай игілік тағы жоқ. Ал әрекеттеніп, іске асырайын десең ойымымыз тағы піспеген. Демек, әуелі әрекет емес, ойдың гүлденіп дамығаны, піскені қажет екен. Сенің басың – сенің бау-бақшаң. Оны баптап гүлдендіру немесе бәрін тастап жайлауға көшіп кеткен қазақтың қыстауындай қуартып қою әркімнің өз еркінде. Егер байлыққа апарар сол бау-бақшаны қалай баптау әркімнің өз еркі болса, одан артық әділдік бар ма?

Бұл енді ұзақ әңгіме. Айтар едім, көлем көтермейді. Оның бәрі кітапта тұр, бар да оқы, ал да пайдалан.

Мысалы Абай былай дейді: «Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді. Оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?» 10-сөз.

Ендігі ерік өзіңде, бай боласың ба, әлде сол баяғыша кедей болып жүре бересің бе...


Нұрлыбек Саматұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1075    Пікірлер: 0

жұма, 04.01.2019, 12:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31