Тіл - тас жарады...

Европада ракпен ауыртатын дизельді көліктерді қоқысқа жіберіп жатыр

  • Европада ракпен ауыртатын дизельді көліктерді қоқысқа жіберіп жатыр

    Европада ракпен ауыртатын дизельді көліктерді қоқысқа жіберіп жатыр

Бәрі Көкжайлау туралы айтып жатқаннан кейін, мен де үндемей отыра алмадым. Көкжайлаудың артында үлкен адамдар тұр. Шешілетіні шешіліп, алатынын алып қойған дейді. Дәл қазір Алматының үстіне курорт салып бықсытудың қажеті жоқ. Ол жерде қаланы ойлап жатқан ешкім жоқ, бар ойлағандары – бас пайдасы ғана. Қала әкімдігіне қазір кім-көрінгеннің көңіліне қарамай, қаланың ауасын тазартып, ТӘЦ-тарды түгел газға көшіріп үлгеру керек. Жаңа жылдан кейін қаланың сыртындағы ТЭЦ-тің біреуінде газ қазандығы іске қосылады екен. Сонда істейтін досым айтты кеше. Ол қазандық іске қосылса, көмірмен істейтін 8 қазандықты «пенсияға» жібереді. Сосын қала әкімдігі қоғамдық көліктерді де газ бен электр қуатына көшіргені дұрыс. 80 пайызы жаңарады деп жатқан автопаркке дизельмен жүретін автобустарды сатып алғалы жатқан көрінеді. Европада ракпен ауыртатын дизельді көліктерді қоқысқа жіберіп жатыр. Алматының басшылығы осы жаңалықтың бәрін ескеріп, қоғамдық көліктің қоршаған ортаны бүлдірмейтін таза түрін таңдауы тиіс. Өскемен де жетісіп тұрған жоқ. Зайсанның газын сонда әкеліп, олар да жылу мен өндірісті газға көшіруі керек. Өткенде бір топ адам болып Көкжайлауға барып қайтқанбыз. Сол кезде қаланы тұмшалап алған көк түтінді көріп, қалаға кіргіміз келмей қалды. Алматының жоғарғы жағының ауасы қандай болса, қаланың ауасы да тура сондай тап-таза, таудың ауасы болуы керек!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 394    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 11:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30