Тіл - тас жарады...

Ғалымдардың жасаған тест сұрақтарын көріп жағамды ұстадым

  • Ғалымдардың жасаған тест сұрақтарын көріп жағамды ұстадым

    Ғалымдардың жасаған тест сұрақтарын көріп жағамды ұстадым

"Әжептәуір әні еді, пұшық айтып қор қылды" демеші, тәуір реформаның өзінің құтын қашырып жіберетін жаман әдетіміз бар екен. Жоғары білім беру жүйесіне тест арқылы емтихан қабылдау оқытушылардың жұмысын жеңілдететін тамаша тәсіл. Бірақ, сол тесті сұрақтарын дұрыс құрастыра алмаған соң не шара. Мамандық бойынша емтихан сұрақтарына сараптама жасау керек болған соң бірқатар ЖОО-дағы әріптес журналист ғалымдардың жасаған тест сұрақтарын көріп жағамды ұстадым. Емтихан сұрағы тұрмақ сөзжұмбақ та бола алмайтын, ешбір танымдық мәні жоқ дүниелер өріп жүр. Мысалы, мынандай бір сұрақ жүр:

" 24. «Қазақ журналистикасының тарихы» (2010) атты оқу құралының авторлары:

A) С. Қозыбаев

B) Ф. Оразаев

C) А. Шәріп

D) Қ. Шамахайұлы

E) Б. Жақып

F) Қ. Бекхожин"

Мұның студент үшін не пайдасы бар? Баспасөз тарихынан студенттің білімін тексеретін өзге логикалық күрделілеу сұрақ табылмағаны ма? Сұрақтарының бәрі тым қарабайыр әрі ешбір мән-мағына жоқ. Кейде барлық варианттары дұрыс сұрақтар да кездеседі. Студенттер ақымақ емес қой. Бірақ, біздің профессор-оқытушыларымызда ұят аздау ма деп қалдым.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1080    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

бейсенбі, 30.11.2017, 12:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Шілде, 11:54
Бізде бәрі проект...
17 Маусым, 13:55
ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31