Тіл - тас жарады...

Халықты ақымақ санайды

  • Халықты ақымақ санайды

    Халықты ақымақ санайды

Біздің үкімет зейнетке шығу жасын да, заңды да өздеріне ыңғайлап жасап алды. "Зейнетақы қорында жинақталған 10 млн теңгең болса, 55 жаста да зейнетке шығуға болады" дейді. 10 млн жинақ қорың болу үшін, расында, 100 млн табуға тиістісің. 100 млн табысты 100-ге дейін жұмыс істесек те таппайтынымыз анық.

"10 млн теңге қорға салым жинасаң, 55 жаста пенсияға шығуға болады" деп, мазақ етіп, ертегі, ауыш заң енгізіп қойды. Халықты ақымақ санайды.

10 млн теңге жинақ қорды кім жинақтай алады?

Айлығы жоғары депутаттар, министрлер жинақтайда.

Ал сіз бен біз бұндай қорды екі дүниеде де (өңіміз түгілі түсімізде де) жинай алмаймыз. 15-20 жылдық еңбек өтілі бар менің зейнетақы қорым 1 млн теңгеден аспай-ақ қойды. Ай сайын, жыл сайын зейнетақы қорынан көшірме (выписка) аламын, көбейгенін байқамаймын.

Ал енді жоғары жалақы алатын шенеуніктер, әртүрлі компания басшылары, монополистер халықты бір емес, екі емес, жүз түрлі айла-тәсілмен тонап отыр.

1. Халыққа пайдалы ештеңе істемей, ұйықтап отырып жоғары айлық алады.

2. Халыққа еңбегіне лайықты айлық бермейді.

3. Халықтың салығынан түскен қаржыны өтірік жобалармен жымқырады.

4. Банктер жоғары пайыз несиемен тағы тонайды. (Банк қожайындары - өздері.)

5. Коммуналдық қызмет көрсетуші монополистер онсыз да қымбат төлем тарифтерін қалаған кезінде көтере салады.

6. ....

7. Тіпті, зейнетақы қорына 10 млн теңгені 5 айда-ақ құйып тастап, шенді қызметінен алатын айлығынан бөлек, жоғары зейнетақы алып отырған 55+ жастан асқан пысықай шенеуніктер қанша екені бір Аллаға аян... 10 млн құймай-ақ, өтірік небір құжаттар жасатып, ебін тауып екі асап зейнетақы алып жүргендердің барына күмәнім жоқ.

Қысқасы, өз халқын сүліктей сорған тойымсыз, жемқор үкімет бізден басқа тағы қай елде бар екен???

* Ал мен хайуандар патшасының арқасында 6 айдан бері жұмыссызбын...


Сәуле Әбілдаханқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5302    Пікірлер: 6

сенбі, 16.12.2017, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31