Тіл - тас жарады...

Жалпақшешейліктен арылатын кез әлдеқашан жетті

  • Жалпақшешейліктен арылатын кез әлдеқашан жетті

    Жалпақшешейліктен арылатын кез әлдеқашан жетті

"ЖАЛПАҚШЕШЕЙЛІК"


Қазақтар!!! "Ойбай, қазақша білмейтіндерді өзектен теппейік, өті жарылып кетеді", "Қазақ тілін үйренбей қояды сосын, ойбай", "Олар да өз бауырларың ғой"... деген сарындас "жалпақшешейліктеріңді" қалталарыңа салып қойыңдар! Сендердің кесірлеріңнен Мемлекеттік тілді менсінбейтіндер тайраңдап жүр! Сендердің кесірлеріңнен менің 4 баламның аулада сағы жиі сынады. Өйткені көп бала Қазақша білмейді! Сендердің кесірлеріңнен көшеде, кинода, дүкенде, түрлі ресми және бейресми орындарда қиналып, жат тілде сөйлеуге мəжбүрміз! Сендердің кесірлеріңнен Тәуелсіздігін алғалы 27 жыл болған Қазақстанда Қазақ тілі мәртебесіз! Бəрі сендердің кесірлеріңнен!!! Сəбеттік заман күштеп таңған құлдық психология, жалтақтық, жағымпаздық аға буыннан орта буынға "мұраға" қалған. Енді соны жас ұрпаққа күштеп таңғыларың келеді. Ана тілді ұлықтауға күштерің жетпесе, кесірлеріңді тигізбей, тыныш жүргендерің жөн! Мемлекеттік тілде сөйлемейтіндерді, сөйлегісі келмейтіндерді "түсінгім" келмейді! Тіл мəселесінде асыра сілтеу, адам құқын аяққа таптауға жол берілмесін. Бірақ "жалпақшешейліктен" арылатын кез әлдеқашан жетті.


Нәзия Жоямергенқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1751    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.03.2018, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30