Тіл - тас жарады...

Жаңбыр күні басшылар жолға шығып, тексеріп қойса болмас па?

  • Жаңбыр күні басшылар жолға шығып, тексеріп қойса болмас па?

    Жаңбыр күні басшылар жолға шығып, тексеріп қойса болмас па?

АЛМАТЫ


Кеше кеш келіп түстім,ұшақтан. Жаңбыр құйып тұр.Жолмен емес, су толы арықпен жүріп келе жатқандаймыз.Баламның көлігі биік, джип машина болсада, кей жерде, су дөңгелектен асады ма,шашыраған кір су, машина әйнегін түгел жауып қалады.Бір-екі минуттық қараңғылық зәреңді ұшырады. Фонтанның ортасында тұрғандаймыз. Сұмдық!

"Биссимилламды" айтып, жанымды шүберекке түйгендеймін.Біздің күйіміз мынадай болғанда, анау кетіп бара жатқан аласа жеңіл машиналардың күйі қандай десеңші?! Жолда светофорға тоқтаған машинаның үстіне құлап түскен ағашты көріп, зәрем ұшты.Әп-әсем ақ машина екен, маркасын білмедім.Адам аман болса болар деп қойдым. Асырып айтып, жұртқа жала жапқаным емес, аэропорттан қалаға кіріп, үйге жеткенше жолда бірнеше жол апатының куәсі болдық.Жалпы бұл Алматыға жауған жаңбырдың біріншісі емес шығар.Біз студент кезімізде де, аяқ киімімізді шешіп Абайдың бойында су кешіп жүретінбіз, жалаң аяқ.Ол кезде қайта машина аз.Арық деген таза заман.

Бүгінгі Алматыға қарап шошыдым.Аблайхан көшесінің бір бетінен екінші бетіне өту үшін,тобықтан келер су кештік

Балам арқалап алайын дейді өзі тобықтан су кешіп тұрып. Қой деп, "балақтан су кешіп, зырылдаған машиналарға қол көтеріп, ауыздықтан су іштік."Себебі, мейрамханаға бару үшін, машинаңды қоятын жер жоқ.Қарсы беттен өлдім деп, жатып машина қояр жер таптық, бір сағат күтіп жүріп.

Арық біткен кептеліп, аузы-мұрынынан шығып, ел-селі шығып жатыр.

Әсем Алматымның есі шығып кетіпті.

Жол бойындағы ағаштардың өсіп кеткен бұтағынан светофор көрінбейді.Жердегі жолаушылар жүреді деген белгі судан көрінбейді.

Жайшылықта қиқылдап жүретін полицейлер де , олардың жарқ-жұрқ ететін шамдары бар машиналары да жоқ.

Алматы , Алматы емес, Венецияға айналғандай.

Жаңбыр күні басшылар жолға шығып, тексеріп қойса болмас па? Ару Алматы бәрімізге ортақ қой!


Жаркын Утешова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1183    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 11:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30