Тіл - тас жарады...

Жемқорлықпен, парақорлықпен күресудің нақты жолын таңдау керек.

  • Жемқорлықпен, парақорлықпен күресудің нақты жолын таңдау керек.

    Жемқорлықпен, парақорлықпен күресудің нақты жолын таңдау керек.

  • Жемқорлықпен, парақорлықпен күресудің нақты жолын таңдау керек.

    Жемқорлықпен, парақорлықпен күресудің нақты жолын таңдау керек.

Магистратура, докторантураға түсу науқаны қызып тұрғандықтан шығар. "Анау пәлен доллар сұрады, мынау гранттық орынды саудалады" дегендей атсыз, адрессіз сын жазбалар көбейіп кетті. Егер факт рас болса, оны желіде жазып, шер тарқатудың ешқандай мәні жоқ. Аты-жөні көрсетілмеген соң оны оқыған парақорың саған кездесіп қалса "Ішің күйсе, тұз жала! Жазған екенсің, ал, не таптың? Менің ұпайым түгел" деп бетіңе былш еткізе салады да жүре береді. Жемқорлықпен, парақорлықпен күресудің нақты жолын таңдау керек. Айталық, сен магистрант немесе докторант болғың келді, грантпен оқуға ниеттісің. Өз қарым-қабілетіңе ғана сеніп, қолыңнан келгеннің бәрін жаса. Адал еңбек етсең саған ешкім қиянат жасай алмайды. Ал, көпе-көрінеу пара сұрап, әлде бір ЖОО-дағы лауазым иесі қолқа салса, онымен келіс! Қанша сұрайды екен, беремін де! Параны әкеліп беретін уақытын, жерін әбден пысықта. Сосын, құқық қорғау орындарына барып хабарла. Олар арнайы операция ұйымдастырады да парақорды сол жерде тұтқындап, қамауға алады. Бір парақорды осылайша ауыздықтасаң, мың жемқор айылын жиып, қылмыстың алды алынады. Күресудің жалғыз жолы осы ғана.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1756    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.08.2017, 13:40

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
16 Желтоқсан 2017
Халықты ақымақ санайды

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31