Тіл - тас жарады...

Жол полицейлері алақандарын ысқылап жүрген шығар

  • Жол полицейлері алақандарын ысқылап жүрген шығар

    Жол полицейлері алақандарын ысқылап жүрген шығар

Автожүргізушілердің машина жүргізуге деген құқығын жоюды жол полицейлеріне беру - еліміздегі парақорлықты бұрынғыдан бетер өркендетеді, өрістетеді. "Бәлен мың доллар бермесең, автокөлік жүргізу құқынан айырамын" деп, қорқыту-үркіту белең алады. Жол полицейлері талқыланып жатқан заң жобасындағы өздеріне берілетін абсолюттік басымдыққа қуанып, қазірден-ақ алақандарын ысқылап жүрген шығар. Сондықтан талқыланып жатқан заң жобасында мұндай шетін мәселені жан-жақты ескеру қажет деп ойлаймын.


Сосын...

Қытай елінен байқадым, автобустар да, автомашиналар да жол бойындағы жүргіншілер өтетін жолақтардан зу етіп өте шығады. Ә дегенде еліміздегі әдетпен қазір өздері-ақ кілт тоқтайтын шығар деген оймен жолақтан кесіп өтпек болғам, бірақ аналар жылдамдығын бәсеңдетпеген соң тайсақтап тұрып қалдым. Бірақ ол кезде оны шопырлардың заң бұзушылығы шығар деп мән бермеп ем. Кейін білдім, Қытай елінде жаяу жүргіншілер келе жатқан автокөлікті өткізіп жібереді екен де, жолдан өзіне қауіпсіз кезде, яғни жол бойында өміріне қауіп тудыратын машина жоқ кезде өтеді екен.

Шынында да, қатты келе жатқан авто алдынан кенеттен адам шыға келген кезде қанша жерден тежегішті іске қосқанымен басқа да күтпеген жағдайларға ұшырауы бек мүмкін. Немесе оны артында қатты келе жатқан екінші, үшінші машина соғады. Астана, Алматы қалаларында болып жатқан жол-апат оқиғалары тек қана шопырлардың емес, сонымен бірге жол бойында жалғыз өзі ғана жүргендей сезінетін адамдардың да кінәсінен болып жатыр.

Айта берсем, бұған мысалдар көп. Сондықтан талқыланып жатқан заң жобасында осы мәселе де шығыс пен батыстағы өркенитетті елдер тәртібіне сай сарапқа салынса деп ойлаймын.


Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2226    Пікірлер: 0

жұма, 20.04.2018, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31