Тіл - тас жарады...

Жұрттың айнасын ұрлап, кісі өлтіретін келесі ұл сіздің үйден шығып жүрмесін!

  • Жұрттың айнасын ұрлап, кісі өлтіретін келесі ұл сіздің үйден шығып жүрмесін!

    Жұрттың айнасын ұрлап, кісі өлтіретін келесі ұл сіздің үйден шығып жүрмесін!

 Біз өзімізді нағыз патриотпыз деп есептейміз. Өйткені қазақты сүйеміз деп ойлаймыз. Нағыз патриоттықты фб-да отырып алып ұрандату деп ойлап, оны мамандыққа айналдырып алғандар қаншама. Оны өзімізше ерлік көреміз. Мына жердің иесі бізбіз деген шүбәсіз сеніміміз бар. Өйткені паспортта қазақ деп жазылғанбыз. Әкеміз де шешеміз де қазақ болғаны - тағдырдан алған ең үлкен сыйымыз. Сол үшін ғана қопаңдап, мына дағарадай территорияның жазылмаған қожайыны санаймыз.


Бірақ шындық мүлде олай емес. Елді сүю – ел үшін өлу! Сіз ойлап отырғандай атылып өлу емес.


Ол қандай өлім сонда? Ол - елің үшін өліп еңбек ету. Әр таң сайын сенің әрбір секундың есептеулі, әр сағатың нақты жұмыстар мен әрекеттерге бағытталу керек. Сен күн сайын жалқаулығыңды еш компромиссіз атып өлтіруге тиіссің! Сенің ұраның – ізгілік, мейірім, ар-ұят пен адал еңбек. Әркім өз саласында табанын шексіз Құдіретке деген сеніміне тірей отырып, адамзатқа қандай пайдамды тигіземін деп оянуы тиіс. Бірақ біз олай оянбаймыз.


Денис Тен... Оған да Алла 24 сағат берген. Сіз бен бізге берілген уақыт. Бір минут артық, бір минут кемі жоқ. Бірақ Денис Тенге қарағанда өзімізді қазағырақ сезінетін, мұсылманырақ сезінетін біз қазақтар Отанымыз үшін не істедік? Біз оған қарағанда осы жердің иесі, қожайыны сезінеміз ғой? Бірақ біз сол Отанға Денис Тен сіңірген еңбекті сіңіре алдық па?


Денис Тен - Қытай мен АҚШ-тың туын төмен түсіріп, қазақтың туын ең биік сатыға көтерген ұлт қаһарманы! Енді мұз айдынында ондай қаһарманды қазақ даласы қанша ғасыр күтетіні белгісіз. Жыл емес, қанша ғасыр!

Денис – ол әнші, киноға сценарий жазған, ағылшынша сөйлейді, осылай оның қасиеттерін тізіп кете беруге болады. Ол - жан-жақты.


Бірақ ең үлкен байлығы- оның көркем мінез-құлқы еді. Ақыретте ауыр тартатын ең үлкен иман – ол көркем мінез құлық. Әлемде миллиардтарға қол жеткізген, бірақ ең кедей адамдарды көруге болады. Байлық адамға миллиардтармен келмейді.


Сіз бен біз аңырап жоқтап отырған Денис Теннің ішкі әлемі осынша бай еді. Біз әлемнің тізесін бүктірген чемпионнан ғана емес, үлкен әріптермен жазылатын «Адамнан» айырылып қалдық. Өйткені чемпиондардың бәрі «адам» бола бермейді.


Денис Теннің анасына, отбасына қайғырып көңіл айтамын. Ол - ең бақытты ана. Ол - өз миссиясын толығымен атқарған ана! Мейірімге қанып өскен бала ғана осындай биікке көтеріле алады. Мейірімге қанып өскен бала ғана адамдарды осылай риясыз сүйе алады. Отаным деп соққан жүрегі бар ұл туғаны үшін Денис Теннің анасына мың тағзым!


Шебер Жаратушы, адамның дәм-тұзы таусылғанда бір минут артық, не бір минут кем жер бетінде ұстамайды. Есептеулі уақытқа келген Денис кездейсоқтықтан емес, тағдырдың жазуымен арамыздан кетті.


Бірақ ол өзінің өлімімен де бізге көп ғибрат айтты.


Халықтың риясыз махаббаты оны өлтірмейтінін айтты. Бір өліммен де бір ұлтты бір мезгілде аңыратып жылата алатынын айтты. Қоғамдағы жемқорлыққа түбегейлі қарсы шықпаса, бұл ажал бізді кедей, бай, ақылды, ақымақ деп таңдамайтынын айтты. Ұлтқа деген махаббат паспорттағы ұлтқа қатысы жоқ екенін айтты. Жақсы адамның ғұмыры қысқа екенін айтты. Өзінің қазақ екенін айтты. Ол 25 жасында сіз бен біз 100 жыл өмір сүрсек те істей алмайтын ерліктерді жасап кеткенін айтты.


Отаныңды сүйсең, ең бірінші отбасыңды сүй. ФБ-дағы жалған ұрандарыңды қалтаңа салып қой. Тәрбиеле ұлдарыңЖұрттың айнасын ұрлап, кісі өлтіретін келесі ұл сіздің үйден шығып жүрмесін!ды! Әр сағаттың қадірін білуді үйрет. Адамзатты ең бірінші өзің сүй! Саған қарап балаларың сүйеді. 


P.S. Ұрланған айнадан ұрының бейнесін емес, алдымен өз бейнеңді көріп үйрен. Кінәні өзгеден емес, өзінен іздеп үйрен! Өйткені ол айна - сенің нағыз бет-бейнеңді көрсетіп тұрған қоғамның айна қатесіз айнасы!


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 4416    Пікірлер: 0

сенбі, 21.07.2018, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31