Тіл - тас жарады...

Жығылып жатқанды тепкілеу, буындыру, төбесінен төпелеу де бізге жат

  • Жығылып жатқанды тепкілеу, буындыру, төбесінен төпелеу де бізге жат

    Жығылып жатқанды тепкілеу, буындыру, төбесінен төпелеу де бізге жат

"Хабиб, Хабиб!" деп оны қорғаштап жатырмыз. Бізге оның қандай қатысы бар? Мұсылман дегеніңіз болмаса. "Бұл - спорт, ол - мықты спортшы" дерсіз. Жалпы қазақтың тәрбиесіне жақын спорт емес. Жығылып жатқанды тепкілеу, буындыру, төбесінен балтамен ұрғандай төпелеу де бізге жат. "Итжығыс" деп жығылғанды орнынан тұрғызып жіберіп жекпе-жекке шығаратын халықпыз. Мейлі, қойшы. Бұл спорттың түрін біз шығарған жоқпыз, біз өзгерте алмаспыз.

Бірақ оның төбелеске деген қанішерлігін, бір сөз үшін аса құрметті спорттың қадір-қасиетін кетіретін қаскөйлігін, тек өздері ғана жеңуге тиіс, біз ғана жеңімпазбыз деп ойлайтын әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің ниетінен де байқау қиын емес. Жақында тағы да қолына қылыш, беліне шоқпар байлап шықты. Сөзіміз құрғақ болмас үшін тамызда қазақстанда өткен әлем чемпионатына қайта оралайық. Сол ірі жарыста Абдиманап өз шәкірті Тагир Уланбеков пен біздің жерлесіміз Жалғас Жұмағұлов арасындағы жекпе-жекті әлі әңгіме етіп келеді. Төрешілер бұл жолы жеңісті жерлесімізге берген еді. "Жоқ, қайдағы бір қазақ қалай жеңеді? Жеңіс Тагирдікі еді. Мен сотқа беремін" деп отыр. Бұл жекпе-жекті көрмегендіктен ештеңе айта алмаймын. Хабибтің соңғы жекпе-жектегі "қылығынан" кейін ойланып отырғаным. Спортта жеңіс те, жеңіліс те болады. Бірақ соның артынан шам алып шабатын, шабалатындар өте аз. Ал мына әкелі-баланың тірлігіне қарап отырып, ешқашан "жеңілуге тиіс емес" адамды көргендей боламыз. Мұхаммед Әли де жеңілген. Әлиден бір де кем емес ұлы боксшылар Фрезер де, Форман да жеңілген. Бірақ әзірге Хабиб те, оның әкесі Абдиманап та джентельмен, біздіңше нағыз жігіт, болмай тұр. Ал біз "Хабиб, Хабиб!" дейміз...


Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 986    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31