Қаланы қар басып қалса жұмысшылардан емес, көрінгенге тендер берген әкімдіктен көріңіздер
1 аптадан бері қар жауып қарбалас болып кетті ғой. Қар адамына айналып кетпесек жарар еді. Түнімен жүретін болдық. Мерекеде демалу дегенді білмейміз. Сыйақы деген де жоқ. Жұмысымыз ғой.
Айтайын дегенім ол емес.
Көшелердің қарын тазалауды мойнына алған кейбір фирмалардың қар тазалайтын техникалары жоқ. 1 ғана Погрузчигі бар. 10 адамды жұмысқа алып фирма құрып тендер ұтып алады. Естуімше ондаған миллионның тендерін ұтып алады. Көбісі құрылыспен айналысатын фирмалар. Жұмысшыларға аз ғана жалақы төлеп өздері миллиондарды қалтаға басады. Шегірткенің айғыры сияқты шіңкілдеген бригадирсымақтар көп-ақ. Тендерді де ала берсін, миллиард теңгенің тендерін ұтса да мейлі. Бірақ сол фирмалардың техникалық базасын тексерген адам бар ма. Жалпы тендерді бөліп бергенде арнайы қар тазалайтын техникалары болуы керек деген талап қойыла ма? әлде бір ғана тракторы бар адамға да бере бере ме? Құрылысқа пайдаланылатын техникалар қар тазалауға келмейді. Эксковатормен қар артып жатқандарды да көрдім. Сорлап жатқан жұмысшылар. Қаланы қар басып қалса жұмысшылардан емес, көрінгенге тендер берген әкімдіктен көріңіздер. Шаршап жүргесін айтып отырған жоқпын, бізге бәрібір ғой уақыт өткізіп кете саламыз. Құрылысқа арналған техникалармен қар тазалаймыз деп тротураларды, көшелерді бүлдіріп жатқаныңа жаның ашиды. Осыны Әсет Исекешев біле ме екен.
Дәулет Серікбай
Facebook-тегі парақшасынан