Тіл - тас жарады...

Қазақ болмаса, мемлекеттен ада екендігімізді пысқырмайды да...

  • Қазақ болмаса, мемлекеттен ада екендігімізді пысқырмайды да...

    Қазақ болмаса, мемлекеттен ада екендігімізді пысқырмайды да...

Дүниеде қазақтың саны 17 миллион 500 мың екен.

Оның 11 миллионнан астамы ғана елімізде тұрады.

Халқымыздың бүтін саны, басқа елдердің бір қаласына ғана жетіп айырылады.

Біз азбыз, жер шарының бір тамшысы ғана тəрізді.

Мемлекет болдық, тəуелсіздік алдық дейміз.

Қуанамыз, мақтанамыз...

"Ойбай, анау бізді мойындады", "ойбай, отыз елге кіріп кеттік" деп бөркімізді лақтырамыз.

Дарақылық, дөрекілік емес пе?? Өзімізге, бірақ, деген сұрақты қоюға өресіміз тарылып жүрген жоқ па?

Біз неге осындаймыз?

Мемлекет болу үшін жалпы ұлттық құндылықтар болу керек.

Сол барлығымызға ортақ құндылықтар бар ма?

Қазақ бөлінген халық...

Біздің ұлтымызды империялар территориялық тұрғыдан бөліп тастаған.

Сондықтан, 1,5 млн қазақ Ресейде, 2 млн қазақ Қытайда, 2 млн-нан астам халқымыз Өзбекстанда тұрады.

Қазақ, өз елінде бөлінген халық - орыс тілді, қазақ тілді, дəстүрлі дін, дəстүрсіз дін уағыздаушы, тағысын тағылар...

Шетке шықса бір- бірімен сөйлесуге ұялатын, қаймығатын, бірін- бірі менсінбейтін халық.

Біз азбыз, соның өзінде осындаймыз...

Менің қаймығатыным, біреу сүрініп жатса, қуанамыз.

Солай болыпты деп, "жығылған үстіне жұдырықты" үймелетеміз...

Осының барлығы ақиқат. Ішіміздегі біреу алдыға шықса, итеріп тастауға ұмтыламыз.

Неге солай деген сұрақты қоюға намыстанамыз.

Ал, шындығы осы.

Біз мемлекет ұйыстырушы халықпыз, осы мəселені тек өзіміз ғана шеше алатындығымызды, жүдырық болып біріксек қана, сақталып қалатындығымызды неге естен шығарып алдық??

Ауыр сұрақ,бірақ, сол сұраққа қолайсыз жауап іздеу арқылы ғана ел-жұрт болуға қабілетті екендігімізді ұмытпау шарт.

"Үй артында кісі бар" деген нақыл сөз, бүгінде, өте өзекті...

Мемлекеттік институттар мен үлттың органикалық бірлігі екі түрлі мəселе. Ұлттың органикалық бірлігі, ынтымағы болмаса, мемлекет жасанды, виртуалды дəрежеден аса алмайды.

Ал, біздің мемлекет, шешімдер қабылдаған кезде, қазақ халқының бірлігі деген мəселені елеп-ескермес тұрмақ, біріне-бірін айдап салуға тырысатын тəрізді.

Қазақ болмаса, мемлекеттен ада екендігімізді пысқырмайды да...

Бұл шындық. Ащы шындық...


Erlan Sairov

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1695    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.01.2018, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30