Қазақ елінің арқасында миллиардтарды тістей қашқан талай қорқауларды білеміз
Қазақ елінің арқасында миллиардтарды тістей қашқан талай қорқауларды білеміз. Қырғызстаннан қаңғып келген "туалет бизнесінің королі" Александр Машкевич 3 млрд 700 млн долларға байып, Израильге тайып тұрды. Оның әріптесі Патох Шодиев Өзбекстаннан келіп, қазақтың 3 млрд 700 млн долларын қалтаға басты да Бельгия азаматтығын алып кетті. Өзбекстанда туып, Қырғызстанда өскен, ұлты ұйғыр Алиджан Ибрагимов 2 млрд долларға байыды. Бірақ қолындағы қаржысын Қазақстан экономикасын дамытуға жұмсаған немесе бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасын қолдаған біреуі де жоқ. Тіпті, ескіріп, тозығы жеткен технология мен айналымдағы құралдарды жаңартқан да жоқ. Қолынан келгенше жердің асты мен үстіндегі ресурстарды сорды, одан қалса, жұмысшылардың еңбегін қанады. Табиғатта ешнәрсе жазасыз қалмайды. Құдай бізді сол күнге жеткізсін! Ал қазір қайсы миллиардер мен миллионер өз қаржысын шетелге апарып тықпай, Қазақстан экономикасына жұмсап жатыр екен? Әй, қайдам! Бірі де жоқ-ау!
Тоқтар Жақаш
Facebook-тегі парақшасынан