Тіл - тас жарады...

Қазақ журналистерінің халықаралық құрылтайы немесе ел ішілік жиыны өткізілуі керек-ақ

  • Қазақ журналистерінің халықаралық құрылтайы немесе ел ішілік жиыны өткізілуі керек-ақ

    Қазақ журналистерінің халықаралық құрылтайы немесе ел ішілік жиыны өткізілуі керек-ақ

Өткенде де куә болғанбыз, осы жолы да журналистика туралы тағы бір жиын өтіпті, әлбетте, орыс тілінде. Мұндай жиындар қазақ журналистикасының мәселелерінен бейхабар келеді екен. Себебі, жиынға ақпаратты орысша тұтынып, жылдар бойы елдегі орыс тілді журналистикада жұмыс істеген азаматтар сөз алып, проблема көтеріп жатады. Тыңдап, қарап отырсаң, қазақ ақпарат кеңістігінің мәселелерін өңі түгілі түсін де көрмеген адамдар. Сол үшін қазақ журналисттерінің халықаралық құрылтай немесе ел ішілік жиыны өткізілуі керек-ақ. Менің түсінігімде, біз үшін ең басты мәселе - бір тілді ақпарат тұтынатын, бір тілде ақпарат тарататын ақпараттық кеңістік жасауға ұмтылу. Өйткені, онсыз қазақ журналистикасындағы салалық, кадрлық, бәсекелестік, қаржылық тағы басқа мәселелерді шешу мүмкін емес. Кейінгі кезде жиын өткізушілердің негізгі мақсаттары журналистиканың мәселелерін шешу емес, әлеуметтік желі, интернет арқылы тарайтын түрлі формадағы ақпараттармен күресудің билікке қолайлы түрін жасап шығаруға талпыныс сияқты көрінеді. Жақсы, билікте ақпараттық заманның алға тартқан мәселелерімен өзінше күрессін, билік атаулы қашан да өзін қорғауды басты функция ретін қарастырады. Бірақ біз блоггер, әлеуметтік желі проблемаларын емес, кәсіби журналистика мәселелерін көтере отырып, бір тілді ақпарат кеңістігін құру, қалыптастыру мәселесін ұдайы айтып, әрекеттенуіміз шарт. Қазақ журналистикасы өз қамын, өз болашағын өзі ойламаса, елдегі өзге тілдегі журналистика біздің мұңды ешқашан түсіне алмас. Және қазіргі мақтаулы медиа менеджерлер де журналистика үшін өтпелі адамдар. Олардың сала туралы ойы болса, өздеріне жақсы, алайда ол қазақ ақпарат кеңістігін түзуші бағдарға айнала алмайды. Айта берсең, әңгіме көп, қысқа - осы.


Өміржан Әбдіхалықұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1061    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.11.2017, 13:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30