Тіл - тас жарады...

Қазақ тілінсіз ұлт ретінде жоқ екенімізді сезінеміз бе?

  • Қазақ тілінсіз ұлт ретінде жоқ екенімізді сезінеміз бе?

    Қазақ тілінсіз ұлт ретінде жоқ екенімізді сезінеміз бе?

Ана тілімізге құрмет көрсетіліп жатыр. Үкімет те, Парламент те өз тілімізге изет көрсетті.

Мəз болдық...

Басқа бірде-бір халықта өзінің тілін ана тілі деп атау, осынау жан-тəнімен, жүрегімен теңеу жоқ шығар.

Ана тілі.

Тек біздің ғана еншіміз.

Дегенмен, ана тілін босағаға шығарып, бір ұрпақтың мезетіне тостырып, зарықтырып қоюда бізден басқа бірде-бір халықтың қолынан келмес...

Бізде қазақ тілі мəселесін көтерсең міндетті түрде бет-əлпетіңді қисайтып, рухани қапасқа қосып қояды.

Қазақ тілінің жанашыры болсаң, басқа тілдің қарсыласы деген ұғым қалыптасып, ет-сүйегімізге сіңісіп кеткен.

Өркениетті деген елдердің қай-қайсысын қарастырсаң да, мемлекеттік тіл сол елдің негізгі рəмізі, негізгі құндылығы.

Мемлекеттік тіл, қандай болмасын елдің негізгі рухани Ата-заңы.

Бізде ғана мемлекеттілігіміз бола тұра, ана тіліміз негізгі құндылық дəрежесі еншісін ала алмай отыр...

Кешеден бері Өкімет, Парламент, министрліктер өз тілімізге кенет көше бастады.

Дұрыс!!

Сөйтсек, министр де, депутаттар, шенеуіктер де қазақ тілін жетік меңгеріп қана қоймай, таза сөйлейді екен.

Не деген мансапқорлық?

Министр, депутат болып қалу үшін сөйлеп кетеді екен.

Басқа кезде керегі жоқ.

Бəрі біледі, бірақ сөйлемейді.

Өз ана тілін біле тұра сөйлемейтін ұлт болса, ол біз екенбіз.

Неге осындаймыз деген сұрақ туады.

Ешкімді сөгіп отырған жоқпын.

Бұл сұрақ ең бірінші өзіме қойылып отыр!

Неліктен біз осындай дəрежеге жеттік?

Өз тамырыңды, топырағыңды сезінбесең үлт болып ұйыса аласың ба?

Ана тілін екінші қатарға ысырып, кейінге қалтырған бізді сол қасиетті ұғым кешіре ме екен?

Бүкіл уəзірлер, халық қалаулылары, шенеуіктер, біз осынау біздің негізгі құндылықты менсінбей, ала көзбен қараған, ысырып тастаған мінезімізді кешіреме?

Кешіреді.

Ал біз осынау қолда бар алтынның қадірін білмегеніміз үшін не істеуіміз керек?

Қазақ тілінсіз сіз тек мəңгүрт емес, ұлт ретінде жоқ екенімізді сезінеміз бе?

"Басқа тілдің бəрін біл, өз тіліңді қүрметте" постулатын біле тұра, сезіне отырып, бұзамыз.

Бізге ана тілінің ең негізгі діңгек екенін ұғыну үшін тағы не керек?

Өте ыңғайсыз, өзекті сұрақ.


Erlan Sairov

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1486    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.03.2018, 11:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30