ҚАЗАҚҚА ҚАЛМАҚТЫҢ ҚАРҒЫСЫ ДӘЛ ТИДІ МЕ?

ҚАЗАҚҚА ҚАЛМАҚТЫҢ ҚАРҒЫСЫ ДӘЛ ТИДІ МЕ?

Бабамыз Абылайдың көрегендігі мен сөз мәйегін түсінген данышпандығы қазаққа аян. Бірде ұлы ханымыз Абылай қалмақтың қарғысшысынан қарғыстың ең жаманы қандай деп сұрағанда, қарғысшы, бірінші: «Шөбің жапырылмасын!» — депті. «Мені кедей бол дегенің ғой, бұл қарғыс емес. Халқым бай болса, бір менің кедейлігім кемшілік емес»,— депті Абылай. Онда екінші қарғысым, «Күлің шашылмасын»,— депті. «Бұл да қарғыс емес, балаң болмасын» дегенің ғой, өзім жақсы болсам, халықтың бәрі де менің балам, ұрпағым»,— депті. Үшінші қарғысым мынау: «Өзің білме, білгеннің тілін алма» — депті. Сонда басын шайқап, «Міне, жаман қарғыс осы!» — депті Абылай бабамыз. Содан бері сан ғасыр өтті. Әлгі қалмақтың айтқан қарғысы ақыры қазаққа дәл тиген бе қалай?! Анығы биік мінбердегі азаматтарға. Отырып алып түрлі құқықтық актілер шығарады, түрлі сарапшылардың пікірін ескермей, халықтың ойын тыңдамай, ақылға қонымсыз, көңілге сиымсыз заңдар қабылдайды. Түрлі реформа жасайды. Реформаны түзетуге тағы да реформа жүргізеді. Керексіз жиындар, түсіндірме жұмыстары, басқосулар. Бұл әлгі қалмақ айтқан, "өзің білме, білгеннің тілін алманың" нағыз өзі емес пе?! Әйтпесе қазақ мұндай дарақы халық емес еді...

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста