Тіл - тас жарады...

Қазақша сөйлемейтін мақаупестердің қазаққа жаны ашиды дегенге өлсем де сенбеймін!

  • Қазақша сөйлемейтін мақаупестердің қазаққа жаны ашиды дегенге өлсем де сенбеймін!

    Қазақша сөйлемейтін мақаупестердің қазаққа жаны ашиды дегенге өлсем де сенбеймін!

Біздің мал ұстайтын шағын ауылымызда арақтан аузы босамайтын, жүрген жерін шулатып жүретін 6 жігіт бар болатын. Былтырлары ауылға барсам, солардың екеуі қайтыс болып кетіпті. Біреуі мәшине алып, ауыл мен ауданның, қаланың ортасында таксилетіп жүр. Енді біреуі мектепке қарауыл болып жұмысқа тұрған. Тағы біреуі таудағы бір кәсіпкердің малын бағып жүр екен. Төртіншісі бие байлап, қымыз сатып жатыр. Төртеуі де бос емес. Соларды көрген кезде, бұлар жұмыс жоқтықтан ішіп жүрген екен ғой деген ой келді. Жұмысқа тұрып, қолындарына ақша түссе, ауылдағылар алдымен үйін, қора-қопсығын жөндеп алады. Сондай бәсекелестік бар. Өмір сүруге, әдемі өмір сүруге құлшыныс пайда болып, бір-бірімен жарыса бастайды. Ауылға жетпей тұрғаны осындай бәсекелестік екен. Қалаға келген жастар да сөйтеді. Қалаға келісімен жұмысқа тұрып алса, бар ойы ақша табу болады да, ұрлық жасап ақша табу деген ой жайына қалады. Былтырлары қалада Қызылорданың екі жігітімен таныстым. Алматыға жұмыс іздеп келіпті. Біреуі үйдің ішіне табиғаттың суретін салатын қылқалам шебері екен де, екіншісі соған көмекші болып жүрген жолдасы екен. Бір кемшілігі – екеуі де орысша білмейтін болып шықты. «Соның кесірінен талай жұмыстан құр қалдық. Орысша білмесең, заказщиктер дұрыс сөйлеспейді екен» дейді. Жұмыс жоқтықтан қазақ бір құрып жүрсе, орысша білмегеннің кесірінен қаншама жұмыстан тағы қағылып жатыр. Қоғамда қазақтың мүддесі қорғалмаған. Қала толған қазақ жастарына жаны ашымайтын Божко мен Ерғалиева секілді орыстілділер. Ауылда жұмыс жоқ. Ауыл күннен күнге үндістердің резервациясы құсап тозып барады. Қазақ сосын күн көру үшін қаланы жағалайды. Ал қаладағылар қайтадан ауылға қуып, оларды «резервацияда» оқшаулап ұстағысы келіп жатыр. Қаланы қазақыландырмаса болмайды. Қазақша сөйлемейтін мақаупестердің қазаққа жаны ашиды дегенге мен өлсем де сенбеймін!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1357    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.07.2018, 13:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31