Тіл - тас жарады...

Қазақстан зейнеткерлерінің қайыршының сәл алдында тұрмыс кешуі неліктен?

  • Қазақстан зейнеткерлерінің қайыршының сәл алдында тұрмыс кешуі неліктен?

    Қазақстан зейнеткерлерінің қайыршының сәл алдында тұрмыс кешуі неліктен?

 Әлем елдеріндегі зейнетақы мөлшері қызықтырып соларды салыстырып қарап көргенмін. Сөйтсем, жер-жаһандағы зейнетақы мөлшері ең жоғары мемлекет Исландия екен. Онда зейнеткерлер 4724 АҚШ доллары көлемінде зейнетақы алады. Бұл дегеніңіз біздің ақшамен (бүгінгі ҰБ курсы: $1 –360.55 теңге) 1 миллион 703 мың 283 теңге. Ары қарай кесте былай кетеді:


Исландия – $4724 – (1 703 283 теңге)

Нидерланды – $4488 – (1 618 148 теңге)

Люксембург – $ 4356 – (1 570 555 теңге)

Дания – $3903 – (1 407 267 теңге)

Австрия – $3575 – (1 288 966 теңге)

Швейцария – $3140 – (1 132 127 теңге)

БАӘ – $2780 – ( 1 002 329 теңге)

Бельгия – $2699 – ( 973 124 теңге)

Норвегия – $ 2654 – ( 956 899 теңге)

Италия – $2503 – ( 902 457 теңге)

Финляндия – $2496 – ( 899 933 теңге)

Қазақстан – $215,63 – ( 77 745 теңге)


Қазақстандағы орташа зейнетақы былтыр 200 доллардан сәл асты. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап орташа зейнетақы 66 721 теңге болды. Шенеуніктер 2018 жылғы 1 тамыздан бастап орташа зейнетақы 101 мың теңгеден асатын болады дейді. Бірақ оны екінің бірі алмайтыны тағы анық.

Жер бетіндегі ең қымбат қазба байлықтарының бәрі бар Қазақстан зейнеткерлері жоғарыда көрсетілген елдердің зейнеткерлері тәрізді уәйім-қайғысыз, лайықты өмір сүруіне әбден болады ғой. Бірақ Қазақстан зейнеткерлерінің қайыршының сәл алдында тұрмыс кешуі неліктен?




Көрілген: 1664    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.08.2018, 12:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31