Тіл - тас жарады...

Қазақты елге көшіру мәселесі "әлеуметтік саясаттың" ең негізгі жолы болуы керек!

  • Қазақты елге көшіру мәселесі

    Қазақты елге көшіру мәселесі "әлеуметтік саясаттың" ең негізгі жолы болуы керек!

Бізге сырттағы отандастарды шапшаң түрде елге қайтарудың бағдарламасын қабылдап, сөзден нақты іске көшу керек.

Сөз көп, іс жоқ!

Құрғақ құжатпен, бос сөз!

Саны көп, сапасы жоғары ұлт боламыз десек, осы мәселені кешенді қалыптастыру мәселесін қарастыру керек.

Басқа елде жүріп, қаракөз қазақ басқа ұлтқа сіңісіп кетіп жатыр.

Мысалы, кешелі-бүгін Өзбекстанда қазақ саны 1,5 млн деген ақпарат тарады.

Шыны керек, шылғи өтірік.

Бұл елде қазақтың саны кемінде 5 млн!

Ал дұрыстап сараптасақ одан да көп.

Қытайда 1 млн асады деп есептеледі.

2,5-3 млн асады!

Ресейде 2,5 млн қазақ.

Осы ағайынны барлығын елімізге әкелуге еңбек ету керек.

Ал ол не үшін керек?

Геосаяси, геоэкономикалық тартыстар жалғасын таба беретін болады, он-жиырма жылдан кейін басқа елдердің территориясына көз аларту мәселесі болуы ықтимал.

Және де бұл процесс кәдімгі "мәдениетті" жолмен Біріккен Ұлттар Ұйымының мандатымен іс-жүзіне асуы ықтимал.

Ал біздегі отандастармен жұмыс қалай жүріп жатыр?

Бұл мәселемен айналысатын "үні шықпас", моңғолдағы ағайынға барып ет жейтін, өзбекке барып палау жейтін,төрт жылда бір сиез өткізетін Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы бар.

Басқа да аты бар, заты мен нақты ісі жоқ қорлар бар.

Нәтиже жоқ.

Жұмыстары "Потемкин үйлері"!

Қазақты елге көшіру мәселесі "әлеуметтік саясаттың" ең негізгі жолы, магистралы болуы керек!

Біздің еліміздің экономикасының әлеуетінің артпай тұрғанының негіізгі себебі, ішкі тұтыным жоқ.

Тауарға ішкі тұтыну болмаса, елдің экономикасы дамуы мүмкін емес.

Тұтынуды көбейту үшін, халықтың саны керек.

Қарапайым арифметика.

Онан кейін, территорияны меңгеріп, игеру деген мәселе бар.

Қазақстанның халқы бір километрге шаққанда алты адамнан аспайды. Дүниедегі ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Бір жағымызда аю, екінші жағымызда аждаһа отыр...


Erlan Sairov

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 474    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.11.2018, 11:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30