Тіл - тас жарады...

Қазақтың атынан емес, кедейшілікке ұшыраған қоғамның атынан кешірім сұраңыздаршы?!

  • Қазақтың атынан емес, кедейшілікке ұшыраған қоғамның атынан кешірім сұраңыздаршы?!

    Қазақтың атынан емес, кедейшілікке ұшыраған қоғамның атынан кешірім сұраңыздаршы?!

"Ажал"- жатырда қан ұйыған сәтте-ақ, пенденің "өмір" тізбегіне енгізіліп қойған. Біреуге - ерте, біреуге - кеш. Ғаламның медицинасы ол сәттен еш жанды құтқара алмайды. Жаратқанның үкімі бойынша, сол күні, қай түпкірде жүрсе де құтыла алмайды. Үйінде, мамық төсекте шалқайып жатса да... Өйткені, тұз-дәмі таусылды. Жаратқанның үкімі мінсіз болмаса, пайғамбарлар өмірден өтер ма еді? Қанша күннен бері, "ұлт атынан" қыршын кеткен өренімізден кешірім сұраушыларды оқып отырып;"Ажалға қарсы айла тапқан патша мен ғалым бар ма екен? Кез-келген мемлекетте болатын жайтқа, тұтас ұлтты кінәлі етуге саналары қалай барды?!." - деген ойдан арыла алмаудамын. Денис, олимпиадада бәйгеге түскенде, қанша рет мұз айдына шықса, сонша рет тәспімді тартып, Аллаға жалбарынумен отырғанмын. Қыршыннан қиылған сәтте жүрегім қан жылады. Шынайы күйзелісті дабырайтпай-ақ, Жаратқанның алдында жүзі жарық болуын дұғамда тіледім. Құйрықты жұлдыздың ғүмыры қысқа... Бейнебаяндарына қарасаң, өмірге деген махаббаты, ғұмырының қысқа болатынынан нышан бергендей-ақ, маңдайы жарқырап тұр?!. Орны толмас өкініш пен қасырет!.. Дара тұлғамызбен көше ұрысының жұмысы бар ма? Ол үшін, тап сол сәтте әдемі машинаның әйнегі маңызды болды. Егер, айдын ұлдың машинасы екенін білгенде, маңына жоламас еді деп ойлаймын. Беріліп жатқан бейнедеректемелерде, кінәлі деп ұсталған жігіттер көздерін көтерместен, беттерін жабуға тырысуда. Аналары шырылдап, халықтан әділдік сұрауда... Қандай қоғамға айналдық?!. Көшеге шығуға неге қорқа бастадық? Жастардың жұмыс таппай, көшеде сенделуіне кім себепкер? Ел арасында ұрлық неге өршіп барады? Халқым-ау, таяқтың екінші басында осы жатыр емес пе? Сондықтан, асыл текті қазақтың атынан емес - күйреуге, бейтараптыққа, жемқорлыққа, бір шөкімі ғана бал жалап, қалың елі қасырет кешкен, әділетсіздіктен тіршіліктен түңілген, кедейшілікке ұшыраған қоғамның атынан кешірім сұраңыздаршы?!


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1376    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.07.2018, 12:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31