Тіл - тас жарады...

Қазақтың ру-тайпаға бөлінбей Совет үкіметін төңкеріп тастау үшін жасаған соңғы тұяқсерпері

  • Қазақтың ру-тайпаға бөлінбей Совет үкіметін төңкеріп тастау үшін жасаған соңғы тұяқсерпері

    Қазақтың ру-тайпаға бөлінбей Совет үкіметін төңкеріп тастау үшін жасаған соңғы тұяқсерпері

Туған жердің тарихын біле бермейміз, Талдықорғанның түбінде Шұбар деген ауыл бар. 1930 жылдың ерте көктемінде сол Шұбардан Совет үкіметіне қарсы көтеріліс басталыпты. Ашығып, тұқымдық бидайдан бір уыс сұраған қатын-баланы уәкілдің қамап тастауы халықты ашындырып, 900 адам атқа қонып, көтеріліс жасаған. Орталықтың дәл түбінен бүлік шығуы шалғайдағы қазаққа дем беріп Қоғалыда, Малайсарыда, Қараталда, Балқаштың Ақкөлінде отырған шаруалар өрт тигендей қаулай жөнеліпті. Аягөз маңы да дүрліккен. ОГПУ басшысы Липен Семейден, Алматыдан атқыштар бригадасын шақыртып, бәрін жаншыды. Дені сойыл-айырмен қаруланған Көтерілісшілер бір-біріне шабарман жіберіп, хат жазып, өзге ауылдарды қозғап, барынша бірігуге талпынған. Милиция жасақтары оған мұрша бермеді. Көп адам қырылған. Өкініштісі, осы Шұбар, Малайсары, Қаратал көтерілістері жайлы Тарих оқулығында дым жоқ. Балаларымыз түгілі өзіміз білмейміз. Байқауымша бұл қазақтың ру-тайпаға бөлінбей, тұтас ел болып Совет үкіметін төңкеріп тастау үшін жасаған соңғы тұяқсерпері. Одан кейін бас көтерер жігіттердің бәрі тау-тас паналап кеткен.


ПЫ.СЫ. Біз осы көтерілістің 90 жылдығын емес, қазақты қырған колхоздастырудың 90 жылдығын тойлап жүрміз. Балқаш, Қаратал, Көксу аудандары мерейтойларын ат шаптырып, той жасап дүркіретіп өткізді. Бұл дарақылыққа жылайсың ба, күлесің бе?


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1089    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.12.2018, 13:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек 2018
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31