Тіл - тас жарады...

Қазақтың ұлын қызына, қызын ұлына қарабет ету секілді сайтани әрекет жүріп жатыр

  • Қазақтың ұлын қызына, қызын ұлына қарабет ету секілді сайтани әрекет жүріп жатыр

    Қазақтың ұлын қызына, қызын ұлына қарабет ету секілді сайтани әрекет жүріп жатыр

Қазақтың ұлын қызына, қызын ұлына қарабет ету, жамандау, жексұрын ету секілді сайтани әрекет жүріп жатыр әлеуметтік желілерде. Қазір желідегі желіккен кез-келген группаны ашсаң барлығында "қазақтың еркектері ер емес ез", "Өзге ұлтқа тұрмысқа шықсам ба екен", "қазақтан қыз қалмады барлығы басқа..."-деген секілді ұл мен қызды, еркек пен әйелді шағыстыру посттарынан көз талады. Ал, өз кезегінде басқа ұлттардың екі жыныстыларын осылай екіге бөлу посттарын қайсымыз көрдік, оқыдық. Ешқандай ұлтта жоқ бұндай жыныстық бөлінушілік. Германия Францияға басып кіріп, Парижді жаулап алғанда, қаланың небір көзкөрім сылқымдары неміс солдаттарының етегінен ұстап кете барыпты. Өз ұлтын сатып, Осының әсерінен француз әскерлерінің, жігіттерінің жігері құм болыпты. Нәтижесінде жеңілген ел, еуропадағы ең үлкен жұрт, атақты ұлт құл болып кете жаздапты. Бұлда сол кездегі алдын-ала жүргізілген осындай саясаттың жемісі еді. Бізге осы керек пе? Құдай бетін әрі қылсын. Барлығымыз ұл, қыз өсіріп отырмыз. Ертеңгі күнімізге құдайдан үмітіміз бар. Баламыз бен қызымыздың азатта, тәуелсіз елде бақытты ғұмыр кешкенін бәрімізде қалаймыз. Отаршылдықтың зардабынан кеше ғана айыққан ұлт емеспіз бе? Арқаға батқан жауырдың жазасы әлі жазыла қойған жоқ. Сондықтан осындай посттардан абай болайық. Мейлінше, лайк басып, пікір жазудан қашайық. елемейік. Көрсекте көрмегендей болайық. Сонда "ит үреді, керуен көшедінің" кебін кигендер өздері-ақ қояды. Еркекті жамандаған төмен етектілердің атасы, әкесі,ағасы,інісі бар сондай-ақ, әйел затын жамандаған еркектің де әжесі, шешесі, апасы мен қарындасы бар емес пе? Бұндай посттар өзі саусақпен санарлық ұлтты жою,бір-біріне алауыз ету емес пе? Қазақстан заңында діни, ұлттық алауыздық тудырушылар қатаң жазаланады. Тіптен болмаса, қазақтың ұлы мен қызына жасалып жатқан осындай арандатушылыққа заңмен тосқауыл қою керек секілді... Сіз қалай ойлайсыз???


Нурболат Пиримбет

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2803    Пікірлер: 2

жұма, 16.02.2018, 16:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30