Тіл - тас жарады...

Қазіргі білім беру жүйесі болашаққа керексіз мамандар даярлап арамтер болып жүр екен

  • Қазіргі білім беру жүйесі болашаққа керексіз мамандар даярлап арамтер болып жүр екен

    Қазіргі білім беру жүйесі болашаққа керексіз мамандар даярлап арамтер болып жүр екен

БАР БОЛҒАНЫ ОСЫ!


Бәсе, оқу министрлігіндегілер неғып жанталасып жатыр десем!)

Бар пәле әлгі данышпаннан басталған екен ғой! Митио Каку деген! Естулеріңіз бар шығар? Жапон ұлтынан шыққан америкалық физик. Нью-Йорктегі ең ақылды адамдардың бірі. Ғарыштың «қара тесігін» зерттеп, он сегіз мың ғаламға қосымша тағы бір ғалам қоспақ болып талпынып жүрген ғалым. Міне, сол ақылды кісі әлемдегі білім беру жүйесіне шұғыл түрде өзгеріс енгізу керек деген салмақты болжам жасапты. Ол өзгеріс қазіргі біздікілер қолға алып жатқаннан әлдеқайда терең көрінеді. Оның айтуынша, болашақта білімді мида сақтаудың қажеті болмай қалады екен. Жоқтан өзгені тығындай беріп, алтын басыңды қор қылып керегі не? Жердің асты-үстіндегі білім атаулы түгел компьютер-көзілдірікке жүктелетін көрінеді. Ондай көзілдіріктердің қайсыбір түрлерін шығарып та қойыпты. Енді 1-2 жылдан кейін оқушылар емтихан кезінде әлгі көзілдірікті киеді де, көзін қыса қойса болғаны, дайын жауаптар сақ етіп шыға келеді екен. Рахат емес пе! Оқушының «қызметтен босаған» ақылы басқа шаруалармен айналысады: ойлайды, талдайды, дәйектейді, дәл шешім қабылдайды. Алда-жалда консультация керек болып жатса, «ақылды» қабырғаға жүгіне қояды. Көп кешікпей пәтерлерде, офистерде, көшенің кез келген бұрыштарында жасанды интеллект технологиясына негізделген «ақылды» қабырғалар орнатылмақ. Әлгі қабырғаға жақындайсың да: "ахалай-махалай, мен академиктер Мұхтар Өтелбаев пен Асқар Жұмаділдаевты көргім келеді!" десең болды, көзді ашып жұмғанша ана кісілер «ләпбай тақсыр!» деп, алдыңда иіліп тұра қалады. Керек ақпаратыңды сұрап ал! Миыңнан шұқып отыратын тірі мұғалімнің көк тиынға керегі жоқ! Бюджетке масыл қылмай бәрін отставкаға жіберу керек! Не ғой... әлгі... біздің данышпандардың мұғалімдерге ағылшын тілін онлайн жүйемен үйретеміз дегеніне қарағанда, осындай «ақылды» қабырғаларды орнатпақ болып жүрмесін де! Біздің ауылға апарып біреуін орнатып қойса сұмдық болар еді ғой,ә! Ауылдың үлкен-кішісі түгел күндіз-түні әлгі қабырғаның жанынан шықпай масқара боламыз-ау! Қызық қой! Көзіңізге елестетіңізші! Бәленің бәрін білетін қабырға! Әулиешоқының дәл төбесінде тұр! Әуелдем, күзет қоймаса, бір той болған күні қызып алған көкелерің «ақылды» қабырғаңның қабырғасын сындырып кетуден тайынбайды! Ой, сұрама, біздің ауылдан бәрі шығады! Иә, иә, ары кетсе, 50 жыл. Яғни біздің шөберелеріміз кәдімгі сіз бен біздің вертуальді достығымыз секілді бұлт-жүйемен оқымақ. Басы, көзі, қол-аяғы бар тірі мұғалімдер, қош болыңдар!!! Өмір бойы болымшы ақыға қаратер боп шаршадыңдар. Демалыңдар! Бақша мен мектепті қайтеміз дейсіздер ме? Тырп етпеңіз, Митио Каку көкеміз ол жағын да қатырады. Мұғалімдердің рөлін жасанды интеллектіге негізделген кітаптар атқаратын болыпты. Мұғалімдерді айтасыз, таяу жылдарда завод, фабрикаларыңыздың өзінде жұмысшылардың керегі болмай қалатын көрінеді. Ақылды құлтемірлер адамдардың жұмсақ жерлерінен бір теуіп, айдап шығады деген болжам бар. Адамдарға биотехнология, нанотехнология, жасанды интеллект ойлап табудан басқа ештеңе қалмайды. Жақын болашақта түйсіксіз құлтемір мен саналы адам баласының айқасы басталмақ! Қазіргі білім беру жүйесі болашаққа керексіз мамандар даярлап арамтер болып жүр екен:) Сондықтан білім саласының мамандары болашақ технологиясына тікелей қатысы бар жаратылыстану ғылымдары бойынша оқу бағдарламаларына шұғыл түрде түбегейлі өзгеріс енгізу қамына кірісіп кеткен көрінеді. Ең бастысы – уақыттан ұтылмау. Бойкүйез болмысты ысырып тастап, креативті әрі батыл шешім қабылдау қажет. Бір күннің ішінде бұған дейінгінің бәрін тас-талқан етіп өзгертіп, тәуекелге бел буып, жаңа сапарға аттанудан қорықпаған халық қана сақталып қалуы мүмкін екен.

Бар болғаны осы!


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1044    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.08.2018, 13:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31