Тіл - тас жарады...

Кедей өлсе жаназасына да бармай, бай өлсе өтірік "бауырымдап" дарылдаймыз

  • Кедей өлсе жаназасына да бармай, бай өлсе өтірік

    Кедей өлсе жаназасына да бармай, бай өлсе өтірік "бауырымдап" дарылдаймыз

Қазақтай ерме халық жоқ-ау жаһанда. Басқалар істейтін ісін ойланып барып істесе, біздікілер істеп болған соң да "Мен не істедім? Осыным дұрыс па?" деп ойланбайды да-ау деймін. Кеше Кемероводағы жағдайға қазақтар көңіл білдіріп, ақ шар ұшырыпты әуеге. Мейлі ғой, ұшыра берсін. Қарсылығымыз жоқ. Бірақ, Алматыдағы сауда орталығында өрімдей студент балалар өртеніп кеткенде, Ақтөбеде біраз қандасымыз террористер қолынан қырылып қалғанда солар (өзімізді айтам, оның ішінде кешегі ақ шар ұшырған қазақтарды) осылай аза тұтты ма екен? Есімде жоқ... Тепе-теңдікті ұстай алмаған соң да теңселіп жүргеніміз әлі. Қазақпыз ғой...

Кедей өлсе жаназасына да бармай, бай өлсе қайғымызды білдірейік деп көзімізде жас жоқ болса да, образға еніп, өтірік "бауырымдап" дарылдайтын қазақпыз. Кімге өкпелейміз?


Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1566    Пікірлер: 0

жұма, 30.03.2018, 12:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31