Тіл - тас жарады...

Керексіз кітаптан қорғану туралы ойлай бастайсыз

  • Керексіз кітаптан қорғану туралы ойлай бастайсыз

    Керексіз кітаптан қорғану туралы ойлай бастайсыз

Оқырман әр оқыған кітабы арқылы өсіп отырсам дейді. Содан барып жұрт көп айтатын таңдап және жүйелеп оқу шығады. Ал керексіз кітаптардан қалай қорғанудың өзі үлкен күш екен. Мәселен, бір адам сізге кітабын сыйлады делік. Сіз автордың еңбектеніп жазғанын, жазуға жаны құштар екенін, страгеиялық мақсатында жалпы әдебиеттің белгілі бір жанрында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер атану арманы барын білесіз, түсінесіз. Бірақ автордың жазу қарқыны қатты болғанмен, шығармаларынан Сіздің ойыңызды өсіретіндей, жасырынып жатқан ойларыңызға қозғау салып, кейбір нәрселерге басқаша қарау ықпал ететіндей ештеңе жоқ екенін де біліп, түйсігіңізбен түйіндеп тұрасыз. Ең қиыны соның бәрін авторға ешқашан айтып түсіндіре алмайсыз. Жалпы тілеулес адам есепті ол жазушының өзінің де, жазуының да өскенін қалайсыз, сөйтіп он бес-жиырма жылда бір тәуір дүние беретініне сенгіңіз келеді. Сөйтіп жүргенде бірнеше кітап шыққанына қарамастан баяғы жартас - сол жартасты тағы көресіз. Сөйтіп керексіз кітаптан қорғану туралы ойлай бастайсыз.


Өміржан Әбдіхалықұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 932    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.06.2018, 10:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30