Тіл - тас жарады...

Қоғам болып "Болашақтың" жемісін талап ету керек шығар

  • Қоғам болып

    Қоғам болып "Болашақтың" жемісін талап ету керек шығар

Өткенде таксиде "Болашақ" бағдарламасы бойынша Германияда оқып келген жігітпен сөйлесіп қалдық. Су ресурстары бойынша инженерияны бітірген екен. АҚШ-та стажировкадан өтіпті. Америкалық мамандармен Арал мəселесін зерттепті. Арал мəселесі жайлы шындыққа келгенде біздікілер оған Қазақстанда ата-ана, бауырлары тұратынын "еске салыпты"... Өте сауатты бала. Келіншегі де "Болашақпен" оқыған екен. Қазір кішкентаймен үйде отыр дейді. Бағдарлама бойынша 5 жыл жұмыс өтілін көпсінетін сияқты. Əйелінің декреттік демалыста жұмыс өтілі жүрмейтініне өкінішті. Мүмкіндік болса АҚШ-қа кеткісі келеді. Ойланып қалдым. Қазір мүмкіндік болса, мұхит асқысы келетіндердің қатары көп. Шетелде оқымасақ та оқығандардың əңгімесін тыңдап елегізіп қоямыз. Бірақ бəріміз осы елден кетіп қалсақ не болады? Біздегі ең үлкен проблема - ұлттық идеология жоқ. Патриотизм жоқ. "Болашақпен" оқитындардың стипендиясы салыстырмалы түрде жоғары. Қолына шетте жүргенде молырақ ақша ұстап қалғандар елге келгенде аз жалақыны менсінбейді. Сондықтан шетел асқысы кеп тұрады. Бірде "болашақтық" бір қыздан сұқбат алғанымда "Болашақпен" оқығандардың бəрін мемлекеттік қызметке қою керек" деген еді. Сөзінің жаны бар. Біз сонша ақшаны шығындап неге жастарымызды шетелге оқытып жатырмыз? Жиырма жылда олар өз жемісін беретіндей уақыт болды ғой. Шетелде оқыған білімдері мен тəжірибелерінің игілігін қашан көреміз? Неге біздің елде барлық салада дағдарыс? Неге жаңа серпін жоқ шетелде оқып келгендерде? Біз жастарды 5 жыл жұмыс өтілін үйтіп-бүйтіп өтетіп, қайта шетел асу үшін оқытып жатырмыз ба? Əрине, бəріне бірдей Алматы, Шымкент сияқты мегаполистердің əкімі болу бақыты бұйырмайды. Бірақ "болашақтықтар" арасынан лидерлер шығу керек қой. (Лидер дегенде əлеуметтік желіде өз пиарларын жасайтындарды айтып отырғам жоқ). Қоғам болып "Болашақтың" жемісін талап ету керек шығар. Ел өзгермейтін болса, жастарды шетелде оқытып не керек?


Жадыра Нармаханова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

жұма, 05.10.2018, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31